Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Корпоративтік басқару

Девятко Василий Николаевич – Қадағалау кеңесінің мүшесі

1944 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында дүниеге келген. Үйленген, қызы бар. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер-педиатр.

Трудовую деятельность начал в 1961 году токарем завода им. С.М. Кирова; Еңбек жолын 1961 жылы С.М. Киров атындағы зауытта токарь болып бастаған.

  • Институтты бітіргеннен кейін дәрігер – педиатр, аудандық дәрігер-педиатр болып жұмыс істеді;
  • Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары (1969-81 жж.);
  • Калинин аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі (1981-83 жж.);
  • Алма-Ата қалалық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1983-85 жж.);
  • Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің төртінші бас басқармасының бөлім бастығы (1985-87 жж.),
  • Қазақстан Компартиясы ОК Іс басқармасының емдеу секторының меңгерушісі (1987-91 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының денсаулық сақтау және әйелдер істері бөлімінің меңгерушісі (1991-92 жж.);
  • 1992 жылдың сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

«Қазақстанның денсаулық сақтау кадр саясатының стратегиясы» (1995 ж.), «Әлемнің Денсаулық сақтау саласы: жағдайы, болашағы, дамуы. Қазақстан үшін тәжірибе» (1995 ж) кітаптарының авторы

Абдрасилова Багдагуль Искаковна - Қадағалау кеңесінің мүшесі
Абдрасилова Багдагуль Искаковна – Қадағалау кеңесінің мүшесі
Оспанов Куаныш Толеуович - Қадағалау кеңесінің мүшесі.

Ғылыми қолданбалы зерттеулер орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2015 ж.).

1978 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді.

Семей қаласының 1 Қалалық клиникалық ауруханасында хирург, кейін травматолог-ортопед болып жұмыс істеді.

1982 жылдан – Семей медициналық институтының травматология, ортопедия және далалық әскери хирургия кафедрасының ассистенті. 1987 жылдан 1990 жылға дейін Мәскеу қаласының орталық Травматология және ортопедия институтында күндізгі мақсатты аспирантурада оқыды, «Травматология және ортопедия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1990-1998 жылдары Семей медициналық институтының травматология, ортопедия және ДӘХ кафедрасының ассистенті, доценті, диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы болды. 1998 жылы Ақмола медицина академиясының травматология, ортопедия және ДӘХ қалпына келтіру кафедрасының доценті болып ауыстырылды.

2001 жылғы қыркүйектен бастап К.Т. Оспанов қоса атқарушы бойынша директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2002 жылы «Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМҚК тұрақты жұмысқа ауысты.

200 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография, 1 каталог, оқу құралы, әдістемелік ұсынымдар, 21 өнертабыс, патенттер мен инновациялық патенттердің авторы. «Травматология және ортопедия» журналының жауапты хатшысы болып табылады.

Қуаныш Оспанов Ресей, Германия, Бельгияның ірі ғылыми орталықтарында мамандандырудан және тағылымдамадан өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2012 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, 2014 жылы «ТОҒЗИ еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен «Жамбас буыны хирургиясында эндопротездеуді қолдана отырып инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық берілді.

Бегалы Жазира - Қадағалау кеңесінің мүшесі
Бегалы Жазира – Қадағалау кеңесінің мүшесі
Байсакова Зульфия Мухамедбековна – Қадағалау кеңесінің мүшесі
  • Туған күні: 15.05.1966 ж.
  • Туған жері: Чирчик қаласы, Өзбекстан
  • Ұлты: қазақ
  • Білімі: жоғары

Мамандығы бойынша біліктілігі: Тарих және құқық оқытушысы, «Коммерциялық емес сектордағы менеджмент» МВА (Іскерлік әкімшілендіру магистрі)

Қазіргі уақыттағы лауазымы: «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы

Медиаактивтілік: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі.

ҚР Үкіметі жанындағы комиссия мүшесі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы Балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі.

Шамшатов Куаныш Нурадинович – Қадағалау кеңесінің мүшесі

Куаныш Шамшатов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма мүшесі болды, бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің 06.04.2017 жылғы шешімімен Куаныш Нурадинович Шамшатов «Қазтелерадио» АҚ коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды», – делінген таратылған хабарламада.

Қуаныш Шамшатов 2004 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын автоматты электр байланысы, байланыс кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент мамандықтары бойынша бітірген, Alma Management University-де МВА дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақтелеком» АҚ құрылымында Алматы ОТД Қарасай өңірлік телебайланыс торабы техникалық пайдалану орталығының АТС электр механигі лауазымынан бастаған.

2005 жылы «Астанателеком» ҚТО-на ауыстырылды, 2010 жылға дейін цифрлық желілер тобының жетекші инженері, техникалық қолдау бөлімінің жетекші инженері, кеңейтілген сервис орталығының бастығы қызметтерін атқарды.

2010-2011 жылдары «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ Сату департаментінің өңірлік даму және дистрибуциясы бөлімінің бастығы болды.

2011 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін «Қазтелерадио» АҚ Өңірлік даму және дистрибуция департаментін басқарды.

2015 жылдың сәуір айынан бастап жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2017 жылғы 7 сәуірде «Қазтелерадио» АҚ коммерциялық директоры лауазымына, басқарма мүшесіне тағайындалды.

Куренкеева Гульнара Турдалиевна – Қадағалау кеңесінің мүшесі

Almaty Managmenet University Business «Жоғары бизнес мектебінің» деканы Куренкеева Гульнара Турдалиевна 1968 жылы 14 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында (ЖГМСИ), Алматы технологиялық университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлемдік экономика» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Халықаралық Бизнес Академиясының «Іскерлік әкімшілендіру докторы» (DBA) департаментін, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы Халықаралық Бизнес мектебінің Астана қаласындағы өкілдігін, Халықаралық Бизнес академиясының (қазіргі Alma U) МВА департаментін басқарды.
Экономика ғылымдарының кандидаты. «ҚР Ұлттық Банкі магистратурасының» шақырылған оқытушысы, 2005 жылғы бағдарламаның үздік оқытушысы.

Жас ғалымдарға берілетін ҚР Президенті грантының иегері ретінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті (2003 ж. қараша-желтоқсан).

Қазақстан экономистер қауымдастығы сыйлығының лауреаты. «Болашақ» стипендиясының иегері (Haas Business School, UC Berkeley (USA), Program Excellence in innovative business education).

Член Глобального Консультативного Совета Woosong University, Южная Корея (Member of Global Advisory Council at Woosong University, South Korea). Председатель Государственной Аттестационной Комиссии Университета «Нархоз», специальность «Менеджмент», Председатель Государственной Аттестационной Комиссии КазНУим.аль-Фараби, специальность «Мировая экономика».

Woosong University жаһандық Консультативтік кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Корея (Member of Global Advisory Council at Woosong University, South Korea). «Нархоз» Университетінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрайымы, «Менеджмент» мамандығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрайымы, «Әлемдік экономика» мамандығы.

Мемлекеттік тапсырыстар мен гранттар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жауапты орындаушысы. ҚР ДСМ Master of Health Administration (MHA), Master of Health Services Administration (MHSA) және Master of Business Administration (MBA) with specialization in Healthcare Management бағдарламаларын іске асыру бойынша талаптарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.

ҚР ДСМ тапсырысы бойынша Alma U-да іске асырылатын «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» МВА бағдарламасының авторларының бірі (бағдарламаны ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің 100-ден астам топ-менеджері аяқтаған).

Амирханова Газеля Зауровна – Қадағалау кеңесінің мүшесі

Қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының асессоры, IPMA (C) бизнес-тренері

1993 жылдан бастап ШҚТУ, ҚазҰТУ (техникалық пәндер) оқытушысы; Ұлыбританияның ашық университеті Бизнес Мектебінің тьюторы; AFW экономика және менеджмент Академиясының «Жобаларды басқару» курсының тьюторы, Германия;

«Modern Education Centre» ЖШС директор болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Asia Business Group» компаниялар тобының даму жөніндегі Вице-президенті.

Қазіргі уақытта Газеля Зауровна қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының (ҚЖБҚ) Асессоры, бизнес-тренері («Ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару», «Жобаларды басқару», «Стратегиялық менеджмент», «ССП» және т.б.), консультанты (MS Project және MS Project Server базасында жобаларды басқарудың корпоративтік жүйелерін енгізу тәжірибесі бар (2003, 2007), «Жобалық менеджмент академиясы» ҚҚ – вице-президенті; «Софтпромпроект» ЖШС – консалтинг жөніндегі директоры.

АЛҒАН БІЛІМДЕРІ:

  • 4-L-CIPMA (D,C деңгейлері) жүйесі бойынша жобаларды басқару бойынша сертификаттауға дайындық құқығын беретін UPMA сертификаты– сертификатталған жаттықтырушы
  • Сертификатталған жоба менеджері, (CPM (IPMA))
  • AFW неміс академиясының жобалық менеджмент сертификаты, Бад Гарцбург, Германия, «Жобаларды басқару» курсы
  • Эриксон университетінің кәсіби коуч-сертификаты (Канада)
  • Ұлыбританияның ашық университетінің Менеджмент саласындағы кәсіби дипломы.
  • «Автоматика және телемеханика», Мәскеу тау-кен институтының дипломы
Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04