Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Аурухананың тарихы

Аурухана тарихы № 4 Қалалық клиникалық аурухананың құрылу тарихы

№ 4 Қалалық клиникалық аурухананың Қазақстан аумағында мыңдаған адам өмірін қиған бөртпе және іш сүзегі, паратифтер, безгек, дифтерия, табиғи шешек және т.б. сияқты ауыр жұқпалы аурулар өршіген 40-шы жылдардағы тамыры тереңге жайылған тарихы бар.

Осыған байланысты №4 Қалалық клиникалық аурухана 1941 жылы 20 желтоқсанда «№8 Алма-Ата жұқпалы аурулар ауруханасы» ретінде құрылды. Аурухана Каганович ауданының бұрынғы №22 мектебіне орналастырылды.

Аурухананың қуаттылығы 200 төсекке есептелді: 80 төсек – бөртпе сүзегімен ауыратын науқастарға, 40 төсек – іш сүзегімен ауыратын науқастарға, тағы 80 оқшаулауғыш төсегі – пойыздардан шығарылатын қызбамен ауыратын науқастарға (ересектер мен балалар), бұған 1941 жылғы 20 желтоқсандағы Алматы денсаулық сақтау бөлімінің №264 бұйрығының 4 тармағы дәлел.

Аурухана ашылған кезде штатта барлығы 2 дәрігер, 6 ординатор дәрігер, 8 мейірбике, 4 санитар, 1 есепші, 1 статист-іс жүргізуші, 1 шаруашылық бикесі, 1 аспазшы және бір айлық жалақысы 250 сом болатын 1 жабдықтау агенті болды. Жалақы мөлшері 1941 жылғы 18 желтоқсандағы еңбекшілер депутаттарының Каганович аудандық кеңесінің шешімімен белгіленді.

№ 4 ҚКА БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ

Алғашқы бас дәрігер болып жедел жәрдем дәрігері Рудина Марьям Ариповна тағайындалды, 1941 жылғы 19 желтоқсандағы Алматы Денсаулық сақтау бөлімі бойынша №254 бұйрық негізінде.

Алматы қаласы халқының санының ұлғаюымен жұқпалы аурулар ауруханасының төсек қорын кеңейту қажеттілігі туындады. 1944 жылы аурухананың қуаттылығы 75 төсекке дейін өсті, ал 1950 жылға қарай төсек саны 110-ға дейін өсті.

Халыққа емдеу-профилактикалық қызмет көрсетуді және денсаулық сақтау мекемелерінің санитарлық-эпидемияға қарсы қызметін жақсарту мақсатында Алматы қалалық еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің 1950 жылғы 08 наурыздағы шешімі негізінде, КСРО Министрлер Кеңесінің 1949 жылғы 31 қазандағы №5036 «Денсаулық сақтау мекемелерінің желісін ретке келтіру және бірыңғай номенклатурасын белгілеу туралы» қаулысына, Алматы денсаулық сақтау бөлімі бойынша 1950 жылғы 01 сәуірдегі №67 бұйрығына сәйкес «№8 жұқпалы аурулар ауруханасы» №7 амбулаториясымен, балалар, әйелдер консультациясымен және сүт (ас үй) тарату орнымен біріктіріліп, «№4 қалалық аурухана» деп аталды, онда бөлімдер анықталып келесі төсек-орын бейіні орнатылды:

Бұған 1950 жылғы «№8 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» және «№4 қалалық аурухана» бұйрықтары кітабындағы мұрағаттық материалдардан алынған жазбалар дәлел бола алады.

Аурухана құрамында зертхана, рентген-кабинеті, емхана жұмыс істеді. Қызметкерлердің жалпы саны – 118, оның ішінде дәрігерлер – 26, акушерлерімен бірге орта медициналық қызметкерлер саны – 57.

1970 жылы Бауман тоғайының жанында 500 төсектік емдеу стационарының қазіргі заманғы сәулет стандарттарына сәйкес келетін алғашқы емдеу мекемесі салынды. Бастапқыда ауруханада 200 төсек-орын және бір ауысымда 150 адам қабылдайтын емхана жұмыс істеді. Қалалық клиникалық аурухана мәртебесі 1972 жылы екі жыл өткеннен кейін, Алматы мемлекеттік медицина институтының ортопедия және травматология кафедрасы пайда болған кезден бастап кафедра меңгерушісі профессор К.А. Пальговтың тікелей қатысуымен алынды.

Клиника өз қызметінің бірінші күнінен бастап жіті жарақат, қосарлас, асқынған, термиялық жарақат және ортопедия бөлімшелеріне бөлінді.

№4 Қалалық клиникалық аурухана 430 төсектік жіті жарақат бөлімшесі, қосарлас, асқынған, термиялық жарақат бөлімшесі, ортопедия, терапия, неврология бөлімшесі, ақылы перзентхана және басқа да бөлімшелері (сәулелік диагностика бөлімшесі, экстракорпоралдық детоксикация бөлімшесі, зертхана, физиологиялық емдеу, гипербарикалық оксигенация бөлімшесі) бар «№4 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап №4 ҚКА-да шұғыл гинекология, жалпы, іріңді хирургия және урология бөлімшелері қосымша ашылды. 01.01.2011 жылдан бастап шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 Қалалық клиникалық аурухана» МКК.

Сонымен қатар, көптеген жылдар бойы аурухана С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті мен Қазақ-Ресей медициналық университеті кафедраларының оқу-клиникалық базасы, сондай-ақ қалалық, республикалық медициналық колледждің оқу-клиникалық базасы болып табылады.

2016 жылдан бастап ҚРМУ кафедралары белсенді жұмыс істейді: Көзбен шолу диагностикалаумен ішкі аурулар департаменті, клиникалық фармакология.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2012 жылдың сәуір айында ауданы 42.000 ш.м. жаңа аурухана ғимараты пайдалануға берілді.

№ 4 Қалалық клиникалық аурухана барлық негізгі клиникалық бағыттар бойынша емдеу мен диагностикада ғана емес, сонымен қатар тәлімгерлік, жастарды озық жұмыс әдістеріне оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде де үздік дәстүрлердің сақтаушысы және жалғастырушысы болып табылады.

Аурухананың алғашқы дәрігерлері жұмыстың негізгі принциптерін қалады – медицинаға адал қызмет ету, науқастарға адамгершілікпен қарау, үнемі өзімен жұмыс жасау, үздіксіз кәсіби өсу. Адамсүйгіштік, жанашырлық, мейірімділік, сөздің ең жақсы мағынасында осы клиниканың медицина қызметкерлерінің жұмысында тән белгілер болды және болып қала береді. Клиниканың көпжылдық тәжірибесі ұжымның осы принциптерге адалдығын растайды.

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04