Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оларды лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына осы Қағиданың 4-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күндері беріледі.

Шағымда:

Шағымның қабылданғанын растау – шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинеттен” жіберген кезде, өтінім туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді өңдеу барысында (жеткізу белгісі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы) жаңартылады.

Көрсетілетін қызметті алушының Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

мемлекеттік қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04