Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
«Бірінші байлық – денсаулық», «Денсаулық – терең байлық» «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтылмаған. 4-ші қалалық аурухананың ұжымы үнемі жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және оны нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырады. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ауруханамызда спорт түрлерінен Спартакиада өтіп жатыр. Аурухана қызметкерлері футбол, волейбол, үстел теннисі және жүгіруден сайысқа түсті. Алдағы уақытта жеңімпаздар анықталатын болады.