Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Аурухана туралы

№4 Қалалық клиникалық ауруханасы

№ 4 ҚКА бас дәрігерінің м.а. Қ.М.Тезекбаев

Алматы қаласы «№4 Қалалық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі №4 ҚКА) – Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарына шұғыл және Емдеуге жатқызу бюросы бойынша Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің емделушілеріне жоспарлы тәртіпте мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін көпсалалы медициналық ұйым. Сонымен қатар консультативтік-диагностикалық және стационар орнын басатын медициналық көмек көрсетіледі. Клиника 24/7/365 тәртібінде жұмыс істейді.

Медициналық көмек өкілетті органмен белгіленген, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес (бұдан әрі – ТМККК) көрсетіледі.

Кәсіпорын Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты ұйым болып табылады. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2010 жылғы 29 маусымдағы №АА-4№0106042, АА-4№0106052 берілген лицензиясы негізінде өз қызметін жүзеге асырады, Қазақстан Республикасындағы қызметіне ұлтық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәлігінің, ISO 9001:2008 халықаралық сапа сертификатының иегері және «Денсаулық сақтау Ұлттық палатасы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болып табылады.

Аурухананың қызметі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауындағы «Стратегия – 2050», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары», Алматы қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы алқасының қаулыларында қойылған міндеттерді орындауға бағытталады.

№ 4 ҚКА-ның атақты жолы мен ғажайып тарихының тамырлары қиын-қыстау 40-шы жылдарға алып барады. Ол бірнеше дәуірдің куәгері болып, қалыптасудың қиындықтарын бастан кешірді, бірақ әрдайым алға ұмтылып, материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи және алдыңғы қатарлы технологияларды тәжірибеге енгізіп, меңгерді. Негізі қаланғаннан бастап адамның ең басты бағалы игілігі – денсаулығына қамқорлықпен қарап,тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету міндетін орындап келеді.

Аурухананың құрылымы

Қазіргі уақытта №4 ҚКА –да 30-дан астам құрылымдық бөлімшелері қызмет етеді соның ішінде 370 төсек-орын (бюджеттік 320 төсек-орын және ақылы 50 төсек-орын), сонымен қатар күндізгі стационардың 45 төсек-орыны бар.

Клиникада келесі клиникалық бөлімшелер қызмет етеді:

Ортопедия, травматология, ортохирургия және комбустиология орталығы: нейрохирургиясы бар политравма бөлімшесі 25 төсекке, ортопедиялық хирургия 25 төсекке, эндопротездеу 30 төсекке, №2 ортопедиялық хирургия 10 төсекке, асқынған жарақат және іріңді хирургия 30 төсекке, күйік 15 төсекке және травматологиялық науқастарға арналған оңалту бөлімшесі-20 төсекке.

Сонымен қатар қосымша құрылымдар:

Денсаулық сақтау ұйымы мен медициналық білім беру ұйымының арасында жасалған Шарт негізінде, Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы туралы ережеге сәйкес №4 ҚКА клиникалық база болып табылады:

  1. 1. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасы (меңгерушісі – м.ғ.к. С.С.Альходжаев).
  2. 2. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ анестезиология және реаниматология кафедрасы (меңгерушісі – м.ғ.д. профессор В.К.Исраилова).
  3. 3. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №1 хирургиялық аурулар кафедрасы (меңгерушісі – м.ғ.к. профессор А.Н.Баймаханов).
  4. 4. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазхҰМУ акушерліс іс және гинекология кафедрасы (курс меңгерушісі – м.ғ.д. С.Ш.Исенова).
  5. 5. ҚазМҮБУ акушерлік іс және гинекология кафедрасы (меңгерушісі-м.ғ.к. доцент Ш.К.Сармулдаева)
  6. 6. ҚРМУ акушерлік іс және гинекология кафедрасы (меңгерушісі- доцент м.ғ.к. Ж.А.Иманбаева)
  7. 7. ҚРМУ жалпы және клиникалық фармокология курсы (меңгерушісі-м.ғ.д., профессор К.Д.Рахимов)
  8. 8. ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасы (меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор –Жанғабылов Абай Кенжебаевич).
  9. 9. Қазақстан-Ресей медициналық колледжі.
  10. 10. Алматы медицина колледжі.
  11. 11. «Аяжан» медициналық колледжі

№4 ҚКА –да 179 дәрігер жұмыс істейді: медицина ғылымдарының докторы-1, медицина ғылымдарының кандидаты-4, медицина ғылымдарының магистрі-7, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі- 5, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін -2, Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалі – 1, Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін – 1, «Алтын дәрігер» төсбелгісі бар – 8 дәрігер және «Мейірім» төсбелгісі бар -10 мейірбике.

№4 ҚКА барлық негізгі клиникалық бағыттары бойынша диагностика және емдеумен қатар тәлімгерлік, жас мамандарды алдыңғы қатарлы жұмыс әдіс-тәсілдеріне үйрету және тәрбиелеу мәселелерінде де дәстүрлерді сақтаушы және жалғастырушы болып саналады.

Бөлімше мамандарының арасында – біліктілігін арттыру курсынан үнемі өтетін, Қазақстандық және Халықаралық симпозиумдарда, конгресстерге тұрақты түрде қатысатын жоғары санатты дәрігерлер бар. Бұл біздің клиникада инновациялық технологияларды уақытында енгізуге мүмкіндік береді.

Өткен ғасырдың 70 жылдарында жанбас буынына Мәскеу орталық травматология және ортопедия институтында шығарылатын жасанды тұтас металдан жасалған құрастырымды, Сиваш және Мура Цито,басқа да ресей ғалым-практиктерінің протездерін қолданып, ота жасады. Туа біткен сондай-ақ пайда болған генезді, қысқарған аяқты сәтті ұзартатын оталар жасалды. Омыртқа жотасының қисаюы және омыртқа жарақаты кезінде тиімді нәтижелерге тұрақты түрде қол жеткізіп отырады.

Жалған буындар бұл айтарлықтай күрделі патология, ол үшін пластиналар мен бұрамаларды пайдаланып, блокада жасалады. Реконструктивті, өзекшелерімен блокада жасалатын ұзын түтік сүйектерінің остеосинтезі, сүйек үсті остесинтезі, интрамедуллярлық остеосинтез, аппараттармен ошақтан тыс бекіту, кішіинвазивтік остеосинтез, дұрыс бітпеген сынықтар мен жалған буындарды емдеу, ескі және жаңа сынған жерлердің байламдық аппаратын қалпына келтіру, сүйек ақаулығын сүйекпластикалық алмастыру, тері пластикасы және (Америка, Ресей, Германия және Швейцария өндірушілерінің инпланттары қолданылады), тізе және иық буындарына артроскопиялық оталар, Hallus Valgus патологиясы кезіндегі түзету остеотомиясы сияқты т.б операциялар жүргізіледі. Уақыт өте келе клиникалық тәжірибеге жанбас буыны мен тізе буынын эндопротездеудің цементсіз және цементке бекітудің жаңа түрлері енгізілді. Тізе буынының, иық буынының артроскопиялық хирургиясы, өз сіңірлерінен жасалған сіңіп кететін бұрамалармен бекітіп, тізе буынының сіңірлер байламын қалпына келтіру жүргізіледі.

Клиникада қаланың медициналық ЖОО жетекші кафедралары: травматология және ортопедия, ішкі аурулар пропедевтикасы, хирургия, гинекология, клиникалық фармакология негізделеді, бұл аурухананың ғылыми және тәжірибелік әлеуетін арттырады.

Қаланы дамыту «Алматы-2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы клиникада «Emergency room» халықаралық стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсету жобасы іске асырылды, ол пациентке бағытталған және әрбір пациентке бір дәрігер емес бірнеше дәрігер тексеру жүргізу қағидасына негізделеді.

Қабылдау бөлімшесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сай, түбегейлі қайта құрылды. Көрсетілетін медициналық қызметтер қол жетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында аурухананың қабылдау бөлімшесінің жұмысындағы пациентке бағытталған қағидасына сүйеніп, «мультидисциплинарлық қарау жүргізу» және «пациенттерге бригадалық қарау жүргізу» әдістерін қолданады, ол «бір терезе» қағидаларымен өте ұқсас келеді. «Emergency room» бірыңғай алаңында келіп түскен пациентке бір уақытта тексеру жүргізуге дайын барлық клиникалық мамандары бір жерде орналасады, қосымша тексеруден өтіп жүрген барлық пациенттер медициналық қызметкерлер көз алдында жүреді және медициналық қызметкерлер де пациенттерге қол жетімді жерде болады.

Халықаралық тану белгілері, нөмірлері және кабинеттің атаулары 0,5 метрге дейін ұлғайту форматында қолданып, пациенттерге арналған қолайлы бағдарлаудың навигациялық жүйесі қайта қаралды.

Келушілер мен туысқандарға арналған пациенттерге медициналық көмек көрсетуге қашықтықтан бақылау жүргізу мүмкіндігі бар, қолайлы және сенім аймағы құрылды. Бұл жерде келушілер зерттеп-тексеру нәтижелерін және қабылдаған шешімдерді күтеді.

«Emergency room»-да орналасқан пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі «осында және қазір» қағидасы бойынша туындаған даулы мәселелерді әрдайым шешуге дайын маңызды буын болып табылады.

Сонымен қатар медициналық қызметкерлер уақытын үнемдеп, ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында «Авиценна» жаңа ақпараттық жүйесі енгізілді. «Авиценна» АЖ – клиниканы автоматандыруға арналған кешенді бағдарламалық шешім. «Электрондық аурухана» тұжырымдамасы бойынша шешім қабылданады. Бұл өнім пациенттің тіркелген кезінен бастап шығарғанға дейінгі үдерісі автоматтандырылады.Осы ақпараттық жүйесінің негізгі басымдылығы: электрондық денсаулық сақтау сервистерін біріктіру, деректерді дауыспен енгізу, ақпараттық қауіпсіздік, 1 С тұғырнамасын біріктіру, дамытудың одан арғы басқа да техникалық мүмкіндіктері болып табылады. Осы медициналық ақпараттық жүйесі енгізілгеннен кейін науқастың станционарлық медициналық карталарын ресімдеуге және толтыруға кететін уақыт айтарлықтай қысқарады, оларды жүргізу сапасы жақсарады. Пациент жағдайының өзгеруін және тағайындаудың орындалуына қашықтықтан бақылау жасау мүмкіндігі пайда болады, пациент түскені туралы ақпаратты сонымен қатар құжаттама айналымының әкімшілік бақылауды айтарлықтай жеңілдетеді. Клиникаға түскен пациенттің медициналық құжаттаманы ресімдеу кезінде сөйлеу сәйкестендіру (дауыспен енгізу) мүмкіндігін де атап өткіміз келеді. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің бағдарлау сапасының жоғары стандарттары, емдеу қауіпсіздігі, халықаралық деңгейге шығу сонымен қатар медициналық туризмді дамыту осыны дәлелдейді.

Жарақаттар кезінде көмек көрсету Жол картасының біріктіру жүйесін енгізу аясында № 4 ҚКА-да «GURVE» қос диплейі бар, біріктірілген BV Endura С-доғасымен (9 дюйм) Philips Medical Sistems Nederland B.V. жиынтығының навигациялық жүйесі орнатылды. Навигациялық жүйе хирургиялық тәсілдеме жолын тез және нақты анықтауға, ота жасауды мұқият жоспарлауға, оның жүру барысын бақылауға, алдын ала қателер мен дәлсіздіктер санын төмендетуге мүмкіндік береді. Навигациялық жүйені пайдаланумен жасалатын оталар пациенттердің ерте оңалуына жағдай жасайды, дәрі-дәрмектер шығынын азайтады, отадан кейінгі мерзімде өмір сапасын жақсартады. Сонымен қатар навигациялық жүйе дәрігерге жаңа ілгері әдістемені меңгеруге, Қазақстанның және бүкіл әлемнің басқа клиникаларының әріптестермен тәжірибе алмасу бойынша белсенді өзара әрекеттестік жасуға мүмкіндік береді. Пациенттердің функционалдық мәртебесі айтарлықтай жақсарады, емдеуге және одан арғы оңалту шығындарын төмендетеді. Осындай оталар ең үздік клиникалық нәтижелерге жеңіл қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ота жасау кезінде нақты бақылау жүргізуге арналған С-доғасы жиынтығы бар Brainlab навигациялық жүйесі шағын жолымен зақымдау арқылы ота жасауға т.б. шағын тілігімен ота жасауға мүмкіндік береді. Brainlab компьютерлік жұмыс станциясы көмегімен деректерді өңдеу орындалады. Жүйе әртүрлі медициналық жағдайларды қолдануға, әртүрлі сегменттерінде мәселен омыртқаға, тізе буынға ота жасауға жағдай жасайды. РФ Мәскеу каласы Brainlab фирмасының маманы Дмитрий Косарев екі шебер класс өткізді.

Клиника үшін бірегей жоғары технологиялық көмектің бірнеше түрлерін бірден көрсету мүмкіндігі сияқты жалпы бірқатар басымдықтары пайда болды. Бүгінгі күні оны тізе буындарын эндопротездеуде қолданамыз. Вертебрологияда соның ішінде омыртқаның қыспа сынығы, асқынған сынықтарында осы жүйені біріктіру мүмкіндігі қарастырылды. Навигациялық жүйені қолдану клиникалық нәтижелерді айтарлықтай жақсарту есебінен асқынулар статистикасының азайғанын атап өту қажет.

Қазақстанда ең алғаш несеп жолдары ауруларын емдеуге арналған Dusting effect (тасты угітіп шығару) аппаратын қолданумен, жақсы клиникалық нәтиже беретін, осы ем-шараның өзін және отадан кейінгі мерзімнің ауырлығын төмендететін түйіспелі-лазерлік литотрипсия жүргізіледі.

Бұдан басқа, клиникада өз еркімен алынған донорлардың сүйектерін бірнеше жыл бойы сақтауға және түтікті және кемік сүйектердің түрлі ақаулары кезінде пайдалануға, сондай-ақ кемік сүйектің, сүйек кистасын алғаннан кейін ақауларды толтыруға, ремиссия кезеңінде остеомиелиттерде және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға мүмкіндік беретін жеке Сүйек банкі бар.

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04 Қоңырауды сұрау