Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

ЕҚҚжІА ережесі

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит)қызметі туралы ереже

ШЖҚ «№ 4 Қалалық клиникалық аурухана» КМК ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ (АУДИТ) ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі (бұдан әрі-ПҚжІБҚ) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-1V Кодексінің, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының, сапалы медициналық көмек көрсету, пациенттердің құқықтарын қорғау және оларды қолдау мақсатында «Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығының негізінде құрылады.

Қызметтің міндеті пациенттердің құқықтарын іске асыруды және қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қызмет адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, әділеттілік, гуманизм, азаматтар құқықтарының теңдігі қағидаттары негізінде жұмыс істейді.

ПҚжІБҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ҰЙЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН КЕЛЕСІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРЕДІ:

ПҚжІБҚ атқарымы:

ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ЖҮГІНУІ

Пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай және пациенттің қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, күнтізбелік 5 күннен аспайтын мерзімде сол жерде шешу. Жүгінуге өтініш беруші қол қоюға тиіс.

Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

КЕЛІП ТҮСКЕН ШАҒЫМ КЕЛІП ТҮСКЕН КҮНІНЕН БАСТАП ҮШ ЖҰМЫС КҮНІНЕН КЕШІКТІРІЛМЕЙТІН МЕРЗІМДЕ БҰЛ ТУРАЛЫ АРЫЗ БЕРУШІГЕ ХАБАРЛАНА ОТЫРЫП, ПҚжІБҚ-не ЖІБЕРІЛЕДІ.

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША МЫНАДАЙ ШЕШІМДЕРДІҢ БІРІ ҚАБЫЛДАНАДЫ:

ҚЫЗМЕТ ӨЗ ҚҰЗЫРЕТІ ШЕГІНДЕ:

ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫН ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША МЫНАДАЙ ШЕШІМДЕРДІҢ БІРІ ҚАБЫЛДАНАДЫ:

ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАПТАР

· Шағымдарға берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және себептемелі, мемлекеттік тілде немесе шағым тілінде болуға, арыз берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

ПҚжІБҚ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

ПҚжІБҚ МҮШЕЛЕРІ ҚҰҚЫЛЫ:

ПҚжІБҚ МҮШЕЛЕРІ МІНДЕТТІ:

Медициналық қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау медициналық көмек көрсету кезінде ақаулар анықталған кезде адамдарға немесе бөлімшелерге әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді, жұмыс жоспарларын сапалы орындағаны үшін сыйлықақы беру және бөлімшенің, тұлғаның қызметін бағалайтын негізгі көрсеткіштерді/индикаторларды жақсарту мүмкіндігін көздейді.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит)қызметін ұйымдастыру тәртібі

ПҚжІБҚ орта және жоғары буын әкімшілерінен, сарапшы дәрігерлерден, эпидемиологтан, клиникалық фармакологтан, БАҚ мониторингі жөніндегі маманнан, ұйымның беделді мамандарынан құрылады.

Құрамы бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі.

Денсаулық сақтау ұйымындағы пациенттерді қолдау және ішкі бақылау(аудит) жүйесі көп деңгейлі сипатқа ие: өзін-өзі бақылау, бөлімше басшысы деңгейіндегі бақылау, ауруханаішілік қызмет сарапшылары жүзеге асыратын бақылау. Өзін-өзі бақылау деңгейінде медициналық көмектің сапасын сараптауды бөлімшенің дәрігері, бөлімшенің мейірбикесі (аудиттің бірінші деңгейі) жүзеге асырады.

Бөлімше деңгейінде медициналық көмектің сапасын бақылауды бөлімше меңгерушісі мен аға мейірбике (аудиттің екінші деңгейі) жүзеге асырады.

Ұйымдастыру деңгейінде сапаны бақылауды сарапшылар жүзеге асырады. Олар, ең алдымен, ұйымдағы жалпы көмек сапасын қамтамасыз етудің құрылымдық тәсілін анықтайды (аудиттің үшінші деңгейі).

БАҚ мониторингі бойынша маман БАҚ мониторингін жүзеге асырады, БАҚ-та сөз сөйлеуді жоспарлайды

Медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігімен, бөлімшелер мен қызметтердің жұмысын ұйымдастырумен, дәрілік және материалдық–техникалық қамтамасыз етумен, қаржы ресурстарымен, медициналық персоналдың пациенттер мен олардың туыстарына қатынасымен айқындалады.

Медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізу кезеңдері

Медициналық қызметтердің сапасын сараптау кезеңдері

ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҒАЛАУ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

Стационарда бас дәрігер, бөлімше меңгерушілері емделген жағдайлардың кемінде 5%-ына сараптама жүргізеді.

САРАПШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Сарапшы емдеу-диагностикалық барысының сапасына сараптама жүргізу кезінде:

Сараптамалық бағалаудың әрбір жағдайына стационарлық науқастың, амбулаториялық науқастың сараптамалық бағалау парағы толтырылады. Оларды өңдеу нәтижесінде медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер есептеледі.

Медициналық ұйымда медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізудің жалпы қағидаттары

Медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасын бақылау таңертеңгі конференцияларда күнделікті жедел басқару, бөлімше меңгерушісінің аралап тексеруі, медициналық құжаттаманың жүргізілуін бақылау жолымен жүзеге асырылады. Медициналық қателіктерді, диагноздардың сәйкес келмеу жағдайларын талдау үшін емдеу–бақылау комиссиясы, өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия (немес), инфекциялық бақылау жөніндегі комиссия және т.б. бұйрықтарда, өкімдер мен нұсқаулықтарда көрініс табуы тиіс тиісті ұйымдастырушылық қорытындылармен құрылады. Медициналық көмектің сапасын бағалау кезінде дәрігердің өзін-өзі бақылауы және сапа стандарттары бойынша мамандар даярлау жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін бағалауды ұйымдастыру жұмыстағы ақауларды анықтау әдісі ғана емес, сонымен қатар оның деңгейін жоғарылату шарасы болып табылады. Осы мақсатта әрбір анықталған ақау, сараптаманың әртүрлі кезеңдерінде сапаны бағалаудағы сәйкессіздіктердің әрбір жағдайы, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің білім деңгейін арттыру және емдеу-диагностикалық процеске оңтайлы тәсілдерді әзірлеу мақсатында нормативтік шығындардан елеулі ауытқулар талқылануы тиіс. Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін бағалау жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, бұл басқаруға қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігі деңгейін түзетудің негізгі түрі ағартушылық, ұйымдастырушылық және тәртіптік шаралар болып табылады. Бұл ретте сапа мен тиімділікті бағалаудан оларды арттыруға көшудің негізгі факторы персоналды оқыту және тұрақты жетілдіру болып табылады. Жүйені жүзеге асыруға барлық лауазымды тұлғалардың қатысуы қойылған міндеттерді механикалық орындауға қысқартылмауы тиіс. Қажет болған жағдайда осы жүйені енгізу және оны бейімдеу барысында қандай да бір түзетулер енгізілуі мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПҚжІБҚ медициналық көмектің сапасы медициналық қызметтерді орындаушыларға барынша жақын бақылаудың негізгі түрі болып табылады. Оның нәтижелері пайдаланылады және сыртқы сараптаманың деректерімен салыстырылады (қорытындылар, бақылау – қадағалау органдарының анықтама актілері).

Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігінің көрсеткіштерін медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу үшін пайдалануға болады.

ПҚжІБҚ басшысының м.а. Дузеева А.Е.

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04