Жұмыс уақыты
с 8-17:00
Алматы қ.
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04

Аурухана туралы

№ 4 Қалалық клиникалық аурухана

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Досмайлов Біржан Серікбекұлы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 Қалалық клиникалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – №4 ҚКА) – бұл Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарына шұғыл түрде және жоспарлы түрде ҚР барлық өңірлерінен келген емделушілерге емдеуге жатқызу бюросының Порталы бойынша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін көп бейінді медициналық ұйым. Бұдан басқа, консультациялық-диагностикалық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетіледі. Клиника 24/7/365 режимінде жұмыс істейді.

Медициналық көмек міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген шекті көлемдерге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі-ТМККК) тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

Кәсіпорын Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қарамағындағы ұйым болып табылады. Өз қызметін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы берген 2010 жылғы 29 маусымдағы № АА – 4 № 0106042, АА -4 № 0106052 лицензиясы негізінде жүзеге асырады. Бұдан басқа, қызметтің Қазақстан Республикасындағы Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәлігі және 2018 жылғы 25 қазандағы №KZ.7500947.07.03.05573 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» СТ ISO 9001:2016 (ISO 9001:2015) талаптарына сәйкестік сертификаты бар, «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болып табылады.

Аурухананың қызметі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Стратегия – 2050» Жолдауында, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», Алматы қаласы әкімдігінің және қоғамдық денсаулық басқармасы алқасының Қаулысында қойылған міндеттерді орындауға бағытталған.

№ 4 ҚКА-ның 40-шы жылдардағы қиын кезеңдерден бастау алатын даңқты тарихы бар. Ол бірнеше дәуірдің куәсі болды, қалыптасу қиындықтарына тап болды, бірақ әрдайым алға ұмтылды, материалдық-техникалық базаны нығайтты, жаңа және озық технологияларды игеріп, тәжірибеге енгізді. Өзінің құрылған сәтінен бастап ол халыққа медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және ең бағалы игілік – адам денсаулығына қамқорлық көрсету бойынша өзінің жоғары мақсатын орындады және орындауды жалғастыруда.

АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ

Ауруханада 23 құрылымдық бөлімше жұмыс істейді, оның ішінде тәулік бойы 370 төсектік стационар (320 бюджеттік төсек, 50 шаруашылық есептегі төсек) және 45 төсектік күндізгі стационар.

КЛИНИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР:

СОНДАЙ-АҚ КӨМЕКШІ БӨЛІМШЕЛЕР:

Денсаулық сақтау ұйымы мен медициналық білім беру ұйымы арасындағы шарттың негізінде медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ережеге сәйкес №4 ҚКА клиникалық база болып табылады:

«С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті» АҚ Травматология және ортопедия кафедрасы, меңгерушісі – м.ғ.к. Тезекбаев К.М.

«С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті» АҚ Анестезиологя және реаниматология кафедрасы, меңгерушісі – м.ғ.д, профессор Исраилова В.К.

«С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті» АҚ № 1 хирургиялық аурулар кафедрасы, меңгерушісі – м.ғ.к., профессор Баймаханов А.Н.

«С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті» АҚ Акушерлік және гинекология кафедрасы, курс меңгерушісі – м.ғ.д. Исенова С.Ш.

«С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті» АҚ Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы, меңгерушісі – профессор Сугралиев А.Б.

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ Клиникалық фармакология, денсаулық сақтау технологиясын бағалау және дәлелдік медицина кафедрасы, меңгерушісі – м.ғ.к, доцент Ералиева Б.А.

Алматы медициналық колледжі.

«Аяжан» жеке медициналық колледжі.

№4 ҚКА-да 239 дәрігер, 490 орта медициналық қызметкерлер, 283 кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді: медицина ғылымдарының докторы – 1, медицина ғылымдарының кандидаттары – 8, медицина ғылымдарының магистрлері – 12, Қазакстан Республикасы денсаулык сақтау iciнiң үздігі – 2, Қазакстан Республика денсаулык сақтау ісіне қосқан үлесі үшін – 1, «Еңбек ардагері» Қазақстан Республикасының медалі – 1, «Халық алғысы» медалі –1, Медицина саласының үздігі – 1, Қазақстан Республикасының халқының денсаулығының сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін – 1, «Алтын Дәрігер» төсбелгісі – 3 дәрігер, ҚР Құрметті азаматы ордені – 1 және «Мейірім» төсбелгісі – 17 мейірбике, 4 ҚКА төсбелгісі – 8 адам, Денсаулық сақтау міністірлігінің «Алғыс хат» – 1, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы – 2, Қоғамдық денсаулық басқармасының «Алғыс хат» – 7, Алматы қаласы әкімдігінің «Алғыс хат» – 4, Түрксіб ауданы әкімінің «Алғыс хат» – 13, Турскіб ауданының «Nur Otan» филиалы «Алғыс хат» – 58, «Медик кәсіподағы» ҚБ «Алғыс хат» – 64, №4 ҚКА Алғыс хаты – 46.

№4 ҚКА барлық негізгі клиникалық бағыттар бойынша емдеу мен диагностикада ғана емес, тәлімгерлік, жастарды озық жұмыс әдістеріне тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде де үздік дәстүрлердің сақтаушысы және жалғастырушысы болып табылады.

Бөлімше мамандарының арасында біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты өтетін, қазақстандық және халықаралық симпозиумдарға, конгрестерге үнемі қатысатын жоғары санатты дәрігерлер бар. Бұл біздің клиникамызда инновациялық технологияларды уақтылы енгізуге мүмкіндік береді.

Өткен дәуірдің 70-жылдарында жамбас буындарына ота жасау жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, Мәскеудің орталық травматология және ортопедия институтында жасалған тұтас металл конструкцияларды, Сиваш пен Мура ЦИТО протездерін, басқа ресейлік практик ғалымдардың протездерін қолданды, олардың негізінде протездерді шетелде шығару кейіннен игерілді.

Туа біткен және жүре пайда болған генезді қысқартылған аяқтар сәтті ұзартылды. Омыртқаның қисықтары мен жарақаттары кезінде тұрақты оң нәтижелерге қол жеткіздік. Жалған буындар өте күрделі патология бұл үшін бұғаттауыш тілімдер, өзектер, бұрандалар қолданылады. Реконструктивтік оталар, бұғаттауыш өзектермен ұзын түтікшелі сүйектердің остеосинтезі, тілімдермен сүйек үсті остеосинтезі, интрамедуллярлық остеосинтезі, аппараттармен ошақтан тыс бекітілген аз инвазивті остеосинтезі, өспеген сынықтар мен жалған буындарды емдеу, жаңа және ескі зақымданулар кезінде байлам аппаратын қалпына келтіру, сүйек ақауларын сүйек пластикалық ауыстыру, тері пластикасы және т.б. (американдық, ресейлік, неміс және швейцариялық өндірістердің импланттары қолданылады), тізе мен иық буындарына артроскопиялық оталар, HаlluxValgus патологиясындағы алғашқы метатарсальды сүйектердің остеотомиясын түзету жүргізіледі. Уақыт өте келе, жамбас және тізе буындарының цементсіз және цементпен бекітілген эндопротездердің жаңа түрлері клиникалық тәжірибеге енгізілді. Иық буынының тізе буынына артроскопиялық хирургия, сіңіргіш бұрандалармен бекіте отырып, тізе буынының байламдарын өз сіңірлерінен қалпына келтіру жүргізіледі.

Клиникада қаланың медициналық жоғары оқу орындарының жетекші кафедралары орналасқан: травматология және ортопедия, пропедевтика және ішкі аурулар, хирургия, гинекология, клиникалық фармакология, бұл оның ғылыми және практикалық әлеуетін едәуір арттырады.

2016 жылы «Алматы – 2020» қаласын дамыту бағдарламасы шеңберінде клиникада пациентке бағдарланған және әрбір пациентке мультидисциплинарлық көзқарас қағидаттарына негізделген әлемдік «Emergencyroom» стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсету жобасы іске асырылды.

Қабылдау бөлімшесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкес жаңғыртылды және қайта құрылды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында, аурухананың қабылдау бөлімшесінің жұмысында пациентке бағдарланған қағидаттарға сүйене отырып, «бір терезе» қағидаларына ұқсас «мультидисциплинарлық қарау» және «пациенттерді бригадалық қарау» әдістері пайдаланылады. Emergencyroom бір өрісінде барлық клиникалық мамандар бір уақытта кіретін науқасты тексеруге дайын. Толық тексеруден өткен барлық емделушілер медициналық қызметкерлердің назарында және медициналық қызметкерлер емделушілерге де қол жетімді.

0.5 метрге дейін ұлғайтылған форматтағы кабинеттердің нөмірі мен атауын, халықаралық тану белгілерін қолдана отырып, пациенттерді неғұрлым ыңғайлы бағдарлау үшін навигация жүйесі қайта қаралды.

Еріп жүрушілер мен туыстар үшін күту залы және анықтама орталығы құрылды. Мұнда келушілер сауалнама нәтижелері мен қабылданған шешімдерді күтеді.

Emergencyroom-да орналасқан Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі маңызды буын болып табылады, ол туындаған даулар мен мәселелерді кез келген уақытта «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша шешуге дайын.

Бұдан басқа, ресурстарды ұтымды пайдалану және медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеу мақсатында «DAMUMED» кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. «DAMUMED» КМАЖ – бұл клиниканы автоматтандыруға арналған кешенді бағдарламалық шешім. Шешім «Электрондық аурухана» тұжырымдамасы бойынша жасалды. Бұл өнім тіркеуден бастап пациентті шығаруға дейінгі бүкіл процесті автоматтандырады. Осы ақпараттық жүйенің негізгі артықшылықтары: электрондық денсаулық сақтау сервистерімен бірлесу, ақпараттық қауіпсіздік, медициналық персоналдың жұмыс орнына байланбауының болмауы және одан әрі дамудың басқа да техникалық мүмкіндіктері болып табылады. Осы медициналық ақпараттық жүйені енгізе отырып, стационарлық науқастың медициналық карталарын ресімдеуге және толтыруға кететін уақыт едәуір қысқарды, оларды жүргізу сапасы жақсарады. Орындалған тағайындауларды, пациенттің жай-күйінің өзгеруін, пациенттің келіп түскені туралы ақпаратты қашықтықтан бақылау мүмкіндіктері пайда болды, сондай-ақ құжат айналымын әкімшілік бақылауды жеңілдету де маңызды болып табылады. Клиникаға түскен кезде пациенттің медициналық құжаттамасын ресімдеу кезінде сөйлеуді сәйкестендіру (дауысты енгізу) мүмкіндігін атап өтуге болады. Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау саласының жоғары сапа стандарттарына, емдеу қауіпсіздігіне және қазіргі заманғы халықаралық деңгейге шығуға, сондай-ақ медициналық туризмді дамытуға бағдарланғанын тағы да растайды.

Brainlab навигациялық жүйесі С-доғасымен жиынтықта ота жасау кезінде дәл бақылау жүргізуге арналған, оталарды шағын қол жетімділікпен, яғни шағын тіліктерден жүргізуге мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу Brainlab компьютерлік жұмыс станциясының көмегімен жүзеге асырылады. Жүйе кез-келген медициналық жағдайда қолдануға арналған, әртүрлі сегменттерде, мысалы, омыртқада, тізе буындарында ота жасауға мүмкіндік береді.

Клиника үшін бірегей жоғары технологиялық көмектің бірнеше түрін ұсыну мүмкіндігі ретінде бірқатар артықшылықтар пайда болды. Қазіргі уақытта біз оны тізе буындарын эндопротездеу кезінде қолданамыз. Бұл жүйені вертебрологияға, атап айтқанда омыртқаның қысылу сынықтарына, оның ішінде күрделі сынықтарға біріктіру мүмкіндігі қарастырылды. Навигациялық жүйені қолдану клиникалық нәтижелерді едәуір жақсарту арқылы асқынулардың статистикасын төмендететінін атап өткен жөн.

Несеп-тас ауруын емдеу үшін клиникалық әсері жақсы, процедураның өзі және операциядан кейінгі кезең ауыртпалықсыз Dustingeffect (тастарды сынықсыз ұсақтау) көмегімен контактілі лазерлік литотрипсия жасалады. Сонымен қатар, клиникада донорлардың ерікті түрде алынған сүйектерін бірнеше жыл бойы сақтауға және түтікшелі және жіңішке сүйектердің әртүрлі ақауларында қолдануға, сондай-ақ ремиссия кезінде аутотрансплантат, сүйек кисталары, остеомиелит және басқа да осындай жағдайларды алып тастағаннан кейін ақауларды толтыруға мүмкіндік беретін жеке сүйек банкі бар.

Алматы
Папанин, 220
+7 (727) 300-36-04