№4 Қалалық клиникалық ауруханасының үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы «Денсаулық – ГКБ №4» Бастауыш партия ұйымы (БПҰ) мүшелерімен үлкен жиын өткізілді. Аталмыш жиынға «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Е.Ажибаев арнайы келіп, «Медбикелер күні» мерекесінде өткізілген Алматы қалалық конкурсы қорытындысымен қала медициналық мекемелерінің қызметкерлерінің ішінде үздік боп танылған №4 ҚКА-ның политравма бөлімшесінің мейіргері (медбрат) Амражан Мусаевқа «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалының «Алғыс хатын» және бағалы сыйлығын тапсырды. Содан кейін «Денсаулық – ГКБ №4» БПҰ төрағасы – бас дәрігер М.Т.Сейдуманов «Нұр Отан» партиясы қатарына жаңадан қабылданған 21 қызметкерлерге партия билеттерін табыстап, болашақтағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған «Денсаулық – ГКБ №4» БПҰ-ның хатшысы Б.И.Қапашев бастауыш партия ұйымының ағымдағы бір жылдық тыныс-тіршілігінен сыр шертер арнайы дайындалған бейнероликті таныстырып, әңгімелеп берді. Сондай-ақ БПҰ мен кәсіподақ ұйымы бірлесіп 50 жасқа толған мерейтой иелері – клиника қызметкерлері Қ.Қ.Диқанбаев пен А.Қ.Бейсенбаеваларға қалтқысыз қызметтері үшін «Мадақтамалар» мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.