Сапалы жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мақсатында, Сент-Луис Университетінің (АҚШ, Миссури штаты) ортопедиялық хирургия департаментінің директоры, профессор Д.М.Кулджанов пен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас травматологы Қ.М. Тезекбаев бірлесіп шебер-класс өткізді. Шебер-класс өткізу барысында күрделі ортопедиялық патологиясы бар пациенттерге ота жасалды. Сонымен қатар шебер- класс аясында ортопедиялық және травматологиялық көмекті қажет ететін 17 пациентке кеңес берілді.