2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «№ 4 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК  «Ашық есік күнін» өткізді. № 4 ҚКА-да негізделген кафедралардың жетекші мамандары мен әртүрлі саладағы жоғары білікті мамандары Алматы қаласының тұрғындарына  тегін кеңес-диагностикалық көмек көрсетті. Өткізілген іс-шара барысында 36 пациент консультациядан өтті.