№4 Қалалық клиникалық аурухана 1941 жылдың аяғында негізін қалаған. Бастапқы кезінде ауруханада 200 төсек орны және ауысымына 150 келушілерге емхана қызмет атқарды. Алғашқы бас дәрігері М.Л.Рудина болды. 1970жылы Бауман Тоғайы жанында, 500төсек орынды емдік стационардың сол кездегі замандас сәулеттік стандартқа сай бірінші емдік мекеме салынды. Онда, кафедра меңгерушісі профессор К.А.Польгованың тікелей қатысуымен, Алма –Ата мемлекеттік медициналық институтының ортопедия және жарақат кафедрасының пайда болған кезінде 1972жылы екі жылдың оқиғасы негізінде Қалалық клиникалық аурухананың мәртебесі берілді.
Клиника өз қызметінің бірінші күнінен бастап қатты жарақат, жанамалас, асқынған, жылу жарақат және ортопедия бөлімшелеріне бөлінген.
Әр түрлі кезендерде №4 ҚКА бас дәрігерлері болғандар: 1972-1983жж. – З.А.Чекина, 1983-1989жж.- О.Д.Даирбеков, 1990-1997жж. – А.С.Шарипов, 1997-2005жж.- М.К.Кошимбеков, 2005-2007жж. – Т.Ж.Тоғандықов.
1999жылы №4 Қалалық клиникалық аурухана қатты жарақат, жанамалас, асқынған, жылу жарақат, ортопедия, терапия, неврология, ақылы перзентхана бөлімшелерімен және қосклиникалық қызметімен 430 төсек орынды «№4 Қалалық клиникалық аурухана» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға айналды.
2007жылдың қаңтар айынан бастап №4 ҚКА қосымша шұғыл гинекология, жалпы, іріңді хирургия және урология бөлімшелері ашылды.
№4 ҚКА С.Д.Асфендияров атындағы Қаз ҰМУжәне деҚалалық, Республикалық медициналық колледждің №1хирургиялық аурулар кафедрасының(меңгерушісі, профессор А.Ж.Нурмаков), жарақат, ортопедия және ВПХ курстарының (меңгерушісі Т.Ж.Сұлтанбаев), №1 акушерлік және гинекологиялық кафедрасының (меңгерушісі, профессор А.Д.Дощанова), ішкі аурулар пропедевтикасы (меңгерушісі, профессор Г.М.Есенжанова)оқу-клиникалық базасы болып табылады.
2011ж.01.01-нен бастап «№4 Қалалық клиникалық аурухана» МҚК шаруашылық құқығында жүргізуде.