6 қазан күні Халықаралық дәрігерлер күнінің құрметіне №4 – ші қалалық клиникалық ауруханада «Ең үздік жас дәрігер» байқауы өтті.
Оған ауруханамыздың әр бөлімінен 9 жас дәрігер қатысып, бірнеше номинация бойынша сынға түсті. Олар өз өнерлерін ғана көрсетіп қоймай, викторина сұрақтарына жауап беріп, әділ қазылар олардың алғырлығына, біліктілігіне, білімділігіне баға берді. Барлығы 4 кезеңнен тұратын байқауда эндоскопист дәрігер Әбдіқадыров Мәжіт жеңіске жетті. Екінші орынды қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері Сыдықов Сәкен иеленсе, үшінші орынды Ниязов Наил алды.
Сондай-ақ бұл күні Халықаралық дұрыс тамақтану күніне орай, аурухананың әр қабатындағы бөлімшелері арасында тағы бір байқау өтті.
Бөлімшелер өздері дайындаған тамақтарды жұрт алдына қойып, бәсекеге түсті. Әділ қазылар шешімімен бас жүлдені «Витамины» командасы жеңіп алса, бірінші орынды үшінші қабаттағы бөлімшелердің «Тонус» командасы иеленді. Екінші орынды «Здоровое питание», үшінші орынды «Бабочки» командасы ұтып алды. Аталған байқау аясында танымал «Саумал» «Амиран», «Данон» компаниялары да өз өнімдерін қойып, жиналған қауымға дәм тигізді.
Ұйымдастырушылар тарапынан барлық қатысушыға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Және де осы байқауға қазылық еткен «Активное долголетие» ОФ президенті Урмурзина Гүлшара Ғазизқызына клиникамыздың бас дәрігері Манат Тұрарұлы құрмет ретінде сый-сияпат көрсетті.