Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

№4 Қалалық клиникалық аурухана

Анықтама: +7 (727) 300-36-04 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 300-37-01
Главная / Отделения / Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесі

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі  тәулік бойы ауыр халдегі пациентерге шұғыл реанимациялық көмек көрсетеді, қарқынды терапия палаталарында ағзаның өмірлік маңызды қызметтері  бұзылған пациенттерге емдеуді жүзеге асырады, оперативті араласулар кезінде шұғыл және жоспарлы анестезия қоюды жүргізеді, жоспарлы және шұғыл отадан кейінгі және отадан кейінгі ерте кезеңде пациенттерге бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді, басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне қарқынды терапияны қажет ететін пациенттерді жүргізу бойынша консультация береді.

         Бөлімше құрамында қарқынды терапияның 2 палатасы, 6 төсек-орын және сепсистік науқастарға жеке палаталары бар. Қабылдау бөлімшесіндегі реанимациялық залда АжОҚТБ дәрігерлері  шұғыл реанимациялық көмек көрсетеді және клиникаға түскен  сәттен бастап қарқынды терапия іс-шараларын жүргізеді. Дәрігерлердің санаттылығы 86%-ды құрайды.

         Анестезия 13 ота жасау залында, тәулік бойы 2 ота жасау залында және 11 жоспарлы  ота жасау залында, сондай-ақ  1 кіші гинекологиялық ота жасау залында  жүргізіледі. Ота жасау блогында  ояну бөлмесі бар, онда пациенттер отадан кейінгі ерте кезеңде анестезиядан шыққанға дейін және жалпы жағдайы тұрақталғанға дейін жатады.

         Анестезиологиялық  қызмет жоғары хирургиялық белсенділікке байланысты тәулік бойы және күн сайын қызмет етеді.  Жыл сайын  стационарларда травматологиялық, хирургиялық бейіні бойынша пациенттерге 5000 астам анестезиологиялық іс-шаралар орындалады. Наркоздың барлық заманауи түрлері  жүргізіледі: кеңірдекішілік, венаішілік, аймақтық анестезия (жұлын –ми, эпидуралды, өткізгіштік).

         Ота жасау залдары мен қарқынды терапия палаталары консольдармен, ағзаның өмірлік маңызды жүйелеріне тәуліктік бақылау үшін «Рrimus», «Fabius plus», «Savina»,  «Carina», CARESCAPE R860 кардиомониторларымен, вакуумды сорғыштармен және ылғалды оттегі беруге арналған флюрометрлермен, жеке электр сорғыштармен, перфузорлармен және инфузаматтармен, дефибриляторлармен, АТГ-01 терапиялық гипотермия аппараттарымен, науқастарды жылытуға арналған 12 каналдық электр кардиографиялық аппараттармен және құйылатын ерітінділерді жылытуға арналған қондырғылармен жабдықталған. Ауыр жағдайдағы науқастарды тасымалдауға арналған «Oxylog»  өкпені жасанды желдетудің портативті аппараты бар.

        Заманауи наркозды-тыныс алу аппаратурасы  әртүрлі жас тобындағы пациенттерге күрделі нейрохирургиялық,  торакалды, абдоминалды операция кезінде пациентті білікті анестезиологиялық қорғауға мүмкіндік береді. Науқастарға  барынша қолайлы жағдай жасалған  12 төсек-орындық бөлімше қызмет етеді.

Бөлімшенің негізгі қызметі:

  • Ағзаның өмірлік маңызды қызметтері бұзылған, ауыр халдегі науқастарға қарқынды терапия жүргізу;
  • Бөлімшелерде шұғыл жағдай кезінде шақыруға қызмет ету;
  • Шұғыл және жоспарлы  анестезия жүргізу;
  • Ота аяқталғаннан кейін ояну уақытында науқастарды бақылау.

       АжРҚТ  құрамына гибербалиялық оттектендіру бөлімшесі кіреді, сонымен қатар АжРҚТ бөлімшесінде  тәулік бойы ЭКСПРЕСС-диагностика зертханасы қызмет етеді.

Бүгінгі күні тыныс алу жетіспеушілігінің әртүрлі түрі бар науқастарға  респираторлық қолдаумен қамтамасыз етудің заманауи әдістемесі енгізілді, гемодинамиканың негізгі параметрлер мониторингі жүргізіледі,   тіршілікті қамтамасыз ету  препараттары үздіксіз енгізіледі, сепсисті емдеудің экстракорпоралды уытсыздандыру  әдістері – гемодиализ, гемосорбация, плазмофорез, УКС және қанды лазерлік  сәулелендіру, прокальцитонинді тест, LPS сүзгілерін қолданумен уытсыздандыру.

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:

  • ауыр халдегі пациенттерге білікті шұғыл көмек көрсету;

· Ағзаның өмірлік маңызды қызметтері бұзылған пациенттерге реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізу;

· Отадан кейінгі ерте кезеңде пациенттерге динамикалық байқау және қарқынды терапия жүргізу;

  • Жоспарлы және шұғыл оперативтік араласуларды тәуліктік анестезиологиялық қамтамасыз ету.

Бөлімше қызметкерлері жұмыс істеген жылдарында отадан кейінгі  науқастарға  арнайы күтім жасаудың клиникалық тәжірибесін жинаған. Бөлімшеде неврологиялық патологиясы бар пациенттерге: бас-ми, арқа жарақаттарымен, ми-қан айналымының бұзылуы, ми соғылуының ауыр түрлері, нейрохирургиялық отадан кейін пациенттерге емдеу  және қарау жүргізеді. Дәрігерлер мен мейірбикелер  жоғары кәсіби білікті мамандар және олар Қазақстан аумағында және шетелде тұрақты түрде біліктілігін арттырып отырады.

Бөлімшені анестезиология және реанимация саласында көп жылғы жұмыс өтілі бар медицина ғылымының докторы, жоғары санатты дәрігер Б.К.Сүлейменов басқарып келеді.

Бөлімше С.Д.Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ-дің анестезиология және реанимация кафедрасыныңи клиникалық базасы болып табылады. Анестезиология және реанимация кафедрасының  меңгерушісі медициналық ғылымдарының докторы, профессор В.К.Исраилова болып табылады. Бөлімше ең үздік заманауи медициналық техникамен жабдықталған.


doc-1

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)
Операция 15300
Операция 20500
Операция 16700
Операция 18900
Операция 5500
Операция 19500
Койко-день 12500