Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

№4 Қалалық клиникалық аурухана

Анықтама: +7 (727) 300-36-04 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 300-37-01
Главная / Отделения / Отделение гинекологии

Гинекология  бөлімшесі
Шұғыл гинекология бөлімшесі 2006 жылдан бастап қызмет етеді. Бүгінгі күні гинекология бөлімшесі 30 төсек-орынға арналған, сонымен қатар 5 ақылы төсек-орын көпсалалы ақылы бөлімшесі құрамында қызмет көрсетеді. Түрксіб және Жетісу аудандарының қыз-келіншектеріне, әйелдеріне мамандандырылған және жоғары мамандандырылған шұғыл гинекологиялық көмек көрсетіледі және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының пациенттеріне жоспарлы көмек көрсетіледі. Стационар алмастыратын көмек белсенді дамып келеді.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің және ҚазМҮББУ-дің  акушерлік іс және гинекология кафедраларының қызметкерлері (кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент  Ш.К.  Сармулдаева, курс меңгерушісі, м.ғ.к., профессор А.Э. Миреева, м.ғ.к. профессор А.И.Коркан, м.ғ.к. доцент Р.С.Скакова, м.ғ.к., ассистент Г.Ж. Жатканбаева) консультативтік көмек көрсету жүргізеді. Кафедра қызметкерлерімен бірлесіп, гинекологиялық аурулардың диагностикасы мен емдеу жүргізеді сондай-ақ клиниканың өзекті мәселелері бойынша семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп тұрады.
Бөлімшенің дипломды мамандары пациенттерге кешенді  зерттеп-тексеру, диагностика мен максималды сақтайтын көлемде тек қажетті ем-шараларды тағайындап, емдеу жүйесін жүргізеді. 
Гинекология бөлімшесінің заманауи медициналық құрал-жабдықтары жатыр мойынының эрозиясының, жатыр мойынының жылауығы, фиобромиома, ана безінің эндометриозы, жатыр мойынының эндометриозы, ана безінің поликистозы және т.б. аурудың ерте кезеңінде нақты диагноз қоюға, кепілді оң нәтиженің толық көлемінде емдеу жүргізуге мүмкіндік береді. Әрине, диагностика – ең маңызды кезең. ХХІ ғасырдың технологиялық мүмкіндіктерінің үздік дәстүрлерімен және кәсіпқой тәжірибесімен үйлесімді түрде бөлімшенің дәрігерлеріне  жоғары деңгейде  емдеу мен оңалтудың басқа түрлерін және хирургиялық оталар жүргізуге  мүмкіндік береді. 
2007 жылдан бастап емдеу үдерісіне  енгізілген лапароскопиялық әдісте  осындай әдістердің бірі болып табылады және жыл сайын осындай оталардың саны артып келеді. Осындай ота жасау  санатына 2012 жылдан бастап бөлімшенің қызметкерлері жасайтын жоғары мамандандырылған медициналық көмек те жатады. Осы әдісті қолданбай кіші жанбас мүшелеріндегі қандай да бір  ауытқуды табу қиындыққа соғады және диагностика мен емдеуді жүзеге асыру мүмкін емес. Лапораскопиялық ота арнайы оптикалық аппаратураны қолданып, ішперде қуысына  және кіші жанбас мүшелеріне  ешқандай тіліксіз ота жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің бірқатар қасиеттері бар атап айтсақ, біріншіден гинекологиялық ауруларды сапалы  емдеп қана қоймай сылып тасталатын патологиялық ошақтың көлемін азайту мүмкіндігімен қол жетпейтін жерге жетуге мүмкіндік береді, екіншіден пациенттің жазылу процесін  тездетеді, үшіншіден отадан кейінгі көріксіз тігістерді қалдармайды. Сондай-ақ, лапароскопияны ана безінің поликистозының, бедеуліктің нақты диагностикасы үшін де пайдаланады. Біздің бөлімшеде лапароскопиялық ота жасау арқылы  жатырды сылып тастауды жүргізуге болады.
    Клиниканың жоғары класс мамандарының үлкен практикалық тәжірибесі амбулаторлық жағдайларда ем-шараның толық спектрін  сапалы өткізуге кепілдік береді: жатыр мойынының қатерсіз ісіктерін емдеу, спираль қою, гистерескопия, колькоскопия және т.б. айтуға болады.
Медициналық зерттеулердің  түрлі деректері бойыша ең көп таралған аурулардың бірі эндометриоз болып табылады. Эндометриоз –жатырдың сілемей қабатының жанындағы мүшелер мен тіндерге таралатын күрделі ауру. Эндометрий осылайша аналық безде, фаллопий түтігінде, тік ішек-жатыр байламдарында, қуықта пайда болады. Етеккір келер алдындағы  ауырсыну және қоңыр түсті шығындылардың болуы-ол эндометриоздың  белгілері болып табылады. Эндометриозды емдеу үшін кейбір жағдайда ота жасау қажет болады. Егер де Сізде бұл ауру анықталса №4 аурухананың гинекология бөлімшесінде ем алуыңызға болады.
Эндометриоз және жатыр миомасы табиғаты бойынша гормонға тәуелді аурулар, олар гинеколог-эндокринолог дәрігерлерінің үнемі динамикалық бақылауын қажет етеді.
Аналық бездің поликистозы – бұл тағы бір гормоналды ауру. Адам ағзасының бұзылуы салдарынан  аналық безіндегі аналық ұрық жетілмейді.  Нәтижесінде аналық безінде көптеген сұйықтыққа  толы жылауықтар пайда болады. Аналық бездің поликистоздың бірқатар белгілері бар: тұрақсыз етеккір циклы, тері майлылығы, безеулер, дене массасының 10-15 килограммға кенеттен ұлғаюы. Аналық бездің поликистозы  бұл бедеуліктің пайда болуы ықтималдығын көрсетеді. Аналық безді уақытылы емдеу мен диагностикасы сәтті жазылу мүмкіндігін арттырады, асқыну тәуекелін азайтады.  
Жатыр  түймешіктері – әр жастағы  нәзік жан өкілдерінің ұшырайтын кең таралған әйелдер ауруы болып табылады. Жатыр қуысының сілемейлі қабаты аяғы бар түйін түрінде өседі және алмұрт тәрізді форманы қабылдайды. Жатыр мойнағының түймешігі  де жиі кездеседі. Ол бездік, без-фиброзды, фиброзды болуы мүмкін. Ал кейбір түймешіктердің түрі обыр алды  жағдай болып қаралады. Түймешіктерді сылып тастау отасы гистероскопты пайдаланумен жүргізіледі. Шағын инвазивтік (азжарақатты) ем-шара пациентті сол күні шығаруға мүмкіндік береді.
Дәрігерлердің терең білімі, көп жылғы тәжірибесі біздің пациенттерді ықтимал дәлсіздіктерден сақтайды. Біздің басымдықтар – сенімді кәсіби медициналық  мамандар, заманауи құрал-жабдықтар, соңғы буынды әзірлемелерді пайдаланады және  үздік материалдық-техникалық базасы бар. Көп жылдар бойы тексерілген негізгі қағидалары:  әрбір пациенттің жеке-дара ыңғай-бабын тауып, оңалту мерзімінің барлық кезеңдерін консультациялармен жалғастырып, ағзаға зиян келтіруді азайтады, сонымен қатар оңтайлы емдеу жүйесін таңдауға мүмкіндік береді.
Біз түрлі жастағы қыз-келіншектерге, әйелдерге  диагностика, емдеу, оңалту жүргізу  бойынша қызметтің кең спектрін көрсетеміз және әртүрлі гинекологиялық міндеттерді шешеміз. Біздің дәрігерлер нәзік жандарға ауыр  жыныстық аурулармен тиімді күресуге және оларды сәтті жеңуге көмектеседі.
Гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер Сергей Александрович Лысенков.

 


doc-1

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)
Койко-день 8540
Койко-день 9790
Койко-день 9760
Койко-день 9945
Койко-день 8115
Койко-день 10510
Койко-день 8835
Койко-день 9360
Койко-день 9400
Койко-день 9000
Койко-день 9000
Койко-день 9015
Койко-день 9480
Койко-день 8920
Койко-день 8580
Койко-день 8850
Койко-день 8695
Койко-день 8845
Койко-день 9220
Койко-день 8560
Койко-день 8915
Койко-день 8850
Операция 11790
Операция 11915
Операция 11890
Операция 12165
Операция 11730
Операция 12450
Операция 11900
Операция 11900
Операция 28500
Операция 22300
Операция 53780
Операция 70945
Операция 59400
Операция 56140
Операция 66925
Операция 49345
Операция 49345
Операция 49570
Операция 49400
Операция 38280
Операция 33930
Операция 70050
Операция 82340
Операция 94630
Процедура 3550
Процедура 2530
Процедура 4130
Процедура 2530
Процедура 4130
Процедура 4130
Процедура 3310
Процедура 1535
Процедура 1640
Процедура 1150
Процедура 900
Процедура 1375
Процедура 2690
Процедура 4330