Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

№4 Қалалық клиникалық аурухана

Анықтама: +7 (727) 300-36-04 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 300-37-01
Главная / Отделения / Терапия бөлімшесі

Саулеева Жұлдыз Қанатовна – терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты терапевт дәрігері; жалпы дәрігерлік жұмыс өтілі – 18 жыл.

Терапия бөлімшесінің ақ халатты абзал  жандары тәулік бойы әртүрлі ішкі ағза аурулары бар науқастарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетіп келеді. Науқастарды емдеуге жатқызу шұғыл тәртіпте сондай-ақ жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.

Жалпы терапия бөлімшесі 35 төсек-орынға ашылған. Сонымен қатар Түріксіб ауданы және Жетісу ауданы тұрғындары  № 5,8,9,11,13,19 Қалалық емханалары бойынша тіркеліп, аталған №4 Қалалық клиникалық ауруханасында қаралып, терапия бөлімшесінде денсаулықты жақсартып, ем қабылдауға өз қызметін ұсынып келеді және алдағы уақытта да шипа іздеген тұрғындарға қызметін көрсете бермек.

 

Бөлімшеде ауруларды анықтау және емдеу үшін қажетті толық зерттеулер кешені жүргізіледі:

  • Тыныс алу жолдарының аурулары: пневмония, созылмалы бронхит;
  • Жүрек-тамыр жүйелерінің патологиясы: артериялық гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, миокардитер, кардиомиопатия;
  • Асқазан ішек жолдарының аурулары, бауыр және өт шығару жолдарының аурулары, бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары;
  • Жүкті әйелдің экстрагениталды патологиясы.

       Бөлімше С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. Кафедра оқытушылары: доцент Айгуль Қуандыковна Ижанова, доцент, жоғары санатты терапевт дәрігері Софья Умаровна Умарова, сонымен қатар жоғары санатты терапевт дәрігерлері: Айдын Баятович Мустафин, Ляззат Калабаевна Тукаева, Жанар Ертаевна Намазбаева, Диана Сүндетова атты  жандарды  атап айтуға болады.

     Клиникада пациенттерді толық тексеру үшін барлық мүмкіндіктері жасалған дәлелді медицина қағидаттарына негізделген диагнозды растау және  іріктеу жүргізіледі, қазіргі заманғы медициналық технологиялар терапиясын –ЭКГ, ЭхоКГ, УДЗ, КТ, рентген-диагностика, эндоскопиялық зерттеулер және т. б. қолданады.

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша Бірлескен комиссиямен мақұлданған клиникалық хаттамалар ұсыныстары негізімен науқастарды тексеру және емдеу жүргізіледі. 

 

Доцент А.К. Ижанова бөлімшеде науқасқа консультация жүргізіп жаткан сәтінен.

 

Ассистент, жоғары санатты терапевт дәрігері А.Б.Мустафин палатада науқасқа консультация жүргізіп отырған сәтінен.

Ассистент  Ж.Е. Намазбаева науқасқа қарау жүргізіп отырған сәтінен.

 

Ассистент  Д.С.Сүндетова науқасқа қарау жүргізіп отыр.

Доцент С.У.Умарова бөлімше меңгерушісі Ж.К.Саулеевамен және сарапшы дәрігермен бірлесіп терапия бөлімшесі бойынша МҚКСБ сараптамасына талдау жүргізіп отыр.


doc-1

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)
Койко-день 8780
Койко-день 8780
Койко-день 7895
Койко-день 9250
Койко-день 8680
Койко-день 7960
Койко-день 7930
Койко-день 8230
Койко-день 8190
Койко-день 8370
Койко-день 8200
Койко-день 8140
Койко-день 8190
Койко-день 9265
Койко-день 8190
Койко-день 8040
Койко-день 8730
Койко-день 8060
Койко-день 8200
Койко-день 7985
Койко-день 8210
Койко-день 7885
Койко-день 8080
Койко-день 8435
Койко-день 7910
Койко-день 8615
Койко-день 8465
Койко-день 8735
Койко-день 8550
Койко-день 9315