Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

№4 Қалалық клиникалық аурухана

Анықтама: +7 (727) 300-36-04 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 300-37-01
Главная / Отделения / Оңалту және физиотерапия бөлімшесі

Оңалту және физиотерапия бөлімшесі

Тулебаева Дина Бахытовна – бөлімше меңгерушісі.

2012 жылы Алматы қаласының №4 ҚКА-ның ішкі бұйрығымен оңалту және физиотерапия бөлімшесі ашылды.

Бөлімшеде пациенттерді қайта қалпына келтірумен айналысатын тәжірибелі мамандар, атап айқанда реабилитолог дәрігерлері, ЕДШ нұсқаушылары мен массажиттер, физиокабинет мейірбикелері қызмет етеді. Бөлімшеде жарақаттар мен буындарды эндопротездеу жүргізілген науқастарға тәулік бойы болуы үшін 20 төсек-орын қызмет етеді.

2012 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі- Дина Бахытовна Тулебаева- жоғары санатты реабилитолог дәрігері. Жұмыс өтілі 13 жыл. Жақын және алыс шетелде: Францияда, Германияда, Ресейде, Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Реабилитолог дәрігері Назира Батырхановна Бимуратова. Жұмыс өтілі 5 жыл. Индияда біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Емдік жаттығу –  оңалтудың негізгі әдісі болып табылады.  ЕДШ залдарында емдік жаттығу жеке дара немесе шағын топтық сабақтар түрінде  жүргізіледі. Емдік жаттыгудың жеке бағдарламасы Сіздің жағдайыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, ЕДШ дәрігерімен немесе жоғары білімі бар ЕДШ нұсқаушысы-әдіскерімен құрастырылады, ол емдеу барысында қажетті қайта қалпына келтіру  тәсілдері мен кинезотерапия әдістемесін қолданады, мөлшерленген жүктемесін жүргізеді, ЕДШ бағдарламасының тиімділігін бағалайды және оңалту курсы аяқталғаннан кейін ұсыныстар береді.

Біздің  бөлімшеде емдік жаттығудың қолданатын нысандары мен әдістері әртүрлі болып табылады және өзіне мынаны қамтиды:

•        жеке жаттығу

•        топтық жаттығу

•        пассивті жаттығу

•        тыныс алу жаттығулары

•        түзу жүру

ЕДШ залдары қайта қалпына келтіріп, емдеудің жаңа заманауи жабдықтарымен жабдықталған, оның ішінде:

  • Қол –аяқ буындарына арналған германия өндірушісінің ARTROMOT атты  пассивті оңалту аппараттары (СРМ-терапиясы) 
  • белсенді қозғалыстар аппараттары (белсенді әзірлемелерге арналған түрлі тренажерлар)
  • тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеу үшін  екпінді-толқын терапиясына арналған аппарат.

СРМ-терапия (Continues Passive Motion) – механотерапияның түрі, оның негізіне қол-аяқтың бір немесе бірнеше буындарының ұзақ пассивті (жиырылусыз) қозғалыстары жатады. СМП-терапиясы отадан кейінгі мерзімде буынды функционалдық жағдайда ұстауға мүмкіндік береді, буын контрактурасы, қимыл-тірек аппаратының пассивті бөлігінде жабыспалар процесі, көктамырлар тромбозы сияқты асқынулар дамуының алдын алу пациенттің жұмысқа уақытша жарамсыздық мерзімін айтарлықтай төмендейді және емдеудің функционалдық нәтижелерін жақсартады.

 

Екпінді-толқындық терапия –зақымдалған тіндерге екпінді толқынның белгіленген жиілігінің әсер етуі, кальций тұздар микрокристалдарының бұзуы  микро қан ағымын он есе күшейтеді және байламдардан, бұлшыкеттен немесе сіңірден тұздың «шығарылуына» жағдай жасау бұл емдеудің мәні болып табылады. Байлам «балластан» айыққан кезде – ол жасарған болып, жарақаттану тәуекелісіз қажетті жүктемелерді көтеру қабілеті пайда болады.

Физиотерапия бөлімінде пациеттерге мынадай қызметтер көрсетіледі:

•    Қолмен массаж жасау (классикалық, медициналық)

•    Гальвандау және емдік электрофорез

•    Диадинамикалық  тоқтар (ДДТ), СМА (синусоидалды модуляцияланған ағымдар)-терапиясы, амплипульстерапия

•    Д'Арсонвализация

•    Ультражоғары жиілік терапиясы

•    Ультракүлгін терапиясы (кварцтау)

•     Магнитті терапия аппараттары

•     Дәрі- дәрмекпен және дәрі-дәрмексіз ультрадыбыстық терапия

•     Жылумен емдеу (парафин-озокериттік жапсырма)

Жылумен емдеу мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. Тірек-қимыл аппаратының аурулары (созылмалы артриттер- ревматоидты, травматологиялық, дистрофиялық; Бехтерев аурулары, остеохондроз, бұлшық еттің, сіңірдің зақымдануы, сүйек сынғанда және баяу консолидациясымен немесе үлкен сүйек шоры бар буынның остеохондропатиясы, контрактурасы, буынның күшпен қозғалуы)
  2. Жүйке жүйесінің перифириялық аурулары: нейропатия, полинейропатия, радикулиттер, псекситтер, полирадикулонейропатия.
  3. Орталық нерв жүйесінің аурулары: қабынудың қалдық  құбылыстары, бас пен мидың жарақаттануы  мен тамырлы аурулар, ұмытшақтық склероз.
  • Қысқа толқынды  терапия

  • Электросон

  • Лазерлік терапия

  • Қысқа толқынды терапия

  • Озондық терапия (трофикалық ойық жара, күйік жаралары)

  • Су астында «Акватракцион» аппаратымен омыртқаны созу

Акватракцион - бұл көп функционалдық кешен, ол су асты тартып созуға, паравертебралық омыртқа маңы бұлшық еттеріне электронды басқарылатын су асты гидромассаж жасауға және су асты душ-массаж ем-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сізге «мойын немесе омыртқаның бел бөлігінің остенхоздрозы, дисктер протрузиясы» деген диагноз қойылған болса, бел омыртқа бөлігі ауырса, мойын ауырса, бас ауруы тұрақты түрде мазаласа, Сізге тезарада арықтау қажет болса, ұйқысыздық, ұмытшақтық, ашушаңдық мазаласа, біздің клиникаға тезарада келу қажет!

Ежелден халқымыз су кез-келген ауруды жазады деп есептеген. Біз «Су асты омыртқаны тартып созу» немесе інжу маржан ванналарымен ұштастырылған «Су асты душ-массаж тракциондық терапиясы» сияқты көп функционалдық кешенді ұсынамыз! Бұл тірек-қимыл аппаратын емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі елу жылдан астам қоланылып келеді!

Су асты созуының кешендерімен емдеудің жетістігі, жылы суда омыртқаға аздаған жүктеменің әсерінен бұлшық еттердің толық босаңсуы мен омыртқаға жақын созылғыш тіндер мен сіңірлердің созылуының болатындығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде ми жұлын жүйкесінің қысым көрген түбіртегінің қысылуы жойылады, омыртқааралық дискінің ығысуы жойылады және қан айналымы жақсарады, ауырсынулар азайып, соңында мүлдем жоғалады. Сондай-ақ, тракция кезінде терең  омыртқааралық байламдар мен бұлшықеттер созылады. Ол теріс қысым жасап, диск декомпрессиясына ықпал етеді. Жылы су бұлшық еттерін босаңсытады, ол   созудың  аса жеңіл түрде өтуіне ықпал етеді.

Сіз келесі жағдайларда бізге жүгіне аласыздар:

  • Жанбас, тізе, иық буындарын  тоталды эндопротездеуден кейінгі жағдайда;
  • Сүйек сынған жағдайда;
  • Деформациялайтын артроздар, буындардың, зақымнан кейінгі буын аурулары кезінде;
  • Аяқ аурулары, майтабан аурулары кезінде;
  • Қозғалыс, сөйлеу қабілеті, ақыл-ой белсенділігінің төмендеуі және т.б. инсульт ауруының салдары кезінде жүгуге болады.

Білікті  маман таңдаған оңалтудың кешенді бағдарламасы жоғалған буын қозғалысын қалпына келтіруге және үйреншікті өмір салтына барынша тез оралуына мүмкіндік береді!

Сондай-ақ, Сіз одан әрі емдеуді ақылы негізде тоңазытқыштармен, теледидармен, қысқа толқынды пештермен және т. б. жабдықталған жайлы 1 кісілік және 2 адамдық палаталарында жалғастыруыңызға болады.

Бөлімшенің кең жарық палаталары, мейірімді қызметкерлері және жоғары білікті мамандары операциядан кейінгі жарақат салдарынан айығуға, негұрлым қысқа мерзімде аяққа тұруға және толыққанды өмір сүруге оралуға көмектеседі.



Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)
Койко-день 7500
Койко-день 7500
Койко-день 7500
Койко-день 7500
Койко-день 7500
Койко-день 7500
Койко-день 7500
Койко-день 9000
Процедура 900
Процедура 1200
Процедура 1000
Процедура 1200
Процедура 1000
Процедура 1000
Процедура 900
Процедура 800
Процедура 1000
Процедура 1200
Процедура 800
Процедура 1000
Процедура 4000
Процедура 1200
Процедура 350
Процедура 1000
Процедура 2000
Процедура 1500
Процедура 3000
Процедура 3000
Процедура 3000
Процедура 3000
Процедура 3000
Процедура 3000
Процедура 1500
Процедура 1000
Процедура 2500
Процедура 1000
Процедура 1500
Процедура 1500
Процедура 2200
Процедура 1000
Процедура 1000
Процедура 1000
Процедура 2000
Процедура 2000
Процедура 1500
Процедура 3000
Процедура 3000
Процедура 6000
Процедура 1200
Процедура 1000
Процедура 1800
Процедура 700
Процедура 2500
Процедура 2500
Процедура 3800
Процедура 1000