2017 жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «№4 Қалалық клиникалық аурухана» аумағында жазғы спорт ойын түрлерінен аурухананың қызметкерлері арасында спорттық маусымның ашылу салтанаты өтті.
Спорттық маусымның ашылу салтанатына орай флешмоб ұйымдастырылып, ары қарай клиника қызметкерлері және бөлімшелері арасында жазғы спорт түрлерінен сайыстар жалғасын тапты:
• Ерлер және әйелдер арасында 500 метр арақашықтықта жүгіру
• Бөлімшелер арасында арқан тарту
• Ерлер және әйелдер арасында волейбол
• Ерлер арасында шағын-футбол
Спорттық тартыстың жеңімпаздары мен үздік қатысушылары сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және кубокпен аурухана басшылығының қолынан марапатталды.