6 қазан күні Халықаралық дәрігерлер күнінің құрметіне №4 – ші қалалық клиникалық аурухана қабырғасында «Ең үздік жас дәрігер» байқауы өтті.
Оған ауруханамыздың әр бөлімінен 9 жас дәрігер қатысып, бірнеше номинация бойынша сынға түсті. Олар өз өнерлерін ғана көрсетіп ғана қоймай, викторина сұрақтарына жауап беріп, әділ қазылар олардың алғырлығына, біліктілігіне, білімділігіне баға берді. Барлығы 4 кезеңнен тұратын байқауда эндоскопист дәрігер Әбдіқадыров Мәжіт жеңіске жетті. Екінші орынды қабылдау бөлімінің терапевт дәрігері Сыдықов Сәкен иеленсе, үшінші орынды Ниязов Наил алды. Ұйымдастырушылар тарапынан барлық қатысушыға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ бұл күні Халықаралық дұрыс тамақтану күніне орай, аурухананың әр қабатындағы бөлімшелері арасында тағы бір байқау өтті. Бөлімшелер өздері дайындаған тамақтарды жұрт алдына қойып, бәсекеге түсті. Әділ қазылар шешімімен бас жүлдені «Витамины» командасы жеңіп алса, бірінші орынды үшінші қабаттағы бөлімшелердің «Тонус» командасы иеленді. Екінші орынды «Здоровое питание», үшінші орынды «Бабочки» командасы ұтып алды.