Қала күніне орай, №4-ші клиникалық қалалық аурухана қызметкерлері арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Ауруханамыздың өнерлі, жігерлі жігіттері әр түрлі сайыста бақтарын сынап, кім мықтыны анықтады.
Олар гір тасын көтеріп, қол күрестірді, мақал-мәтел айтып, алма жеуден жарысты, сондай-ақ өздері дайындап келген өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені хирургия бөлімшесінің дәрігері Темірхан Қожахметов жеңіп алды. Бірінші орынды эндопротез бөлімшесінің дәрігері Жайдарман Оразхан иеленсе, екінші орын күйік жарақаты бөлімшесінің дәрігері Елдос Әлменовтың еншісінде. Үшінші орын ортохирургия бөлімшесінің дәрігері Хабибулла Қарамановқа бұйырды. Барлық жеңімпаздарға аурухана әкімшілігі тағайындаған теледидарлар сыйға тартылды.