№4 қалалық клиникалық ауруханасының медициналық жұмысшысының
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

I. Жалпы ережелер
II. Медициналық жұмысшы және қоғам
III. Медициналық жұмысшы және пациент
IV. Медициналық жұмысшылардың алқалылығы
V. Дәрігерлік құпия
VI. Этикалық кодекстің әрекет шектері, оны қарастыру тәртібі және оны бұзғаны үшін жауапкершілік.

I.Жалпы ережелер

1. Медициналық жұмысшысы этикасының Кодексі (кейін – Кодекс) лауазымдық міндеттерді атқару барысында медициналық жұмысшыларға жетекшілік етуге ұсынылған тәртіп ережесі мен этикалық нормаларының жинағы болып табылады.
2. Кодекс ережесі «№4Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК барлық медициналық жұмысшыларына таралады.

II.Медициналық жұмысшы және қоғам

3. Медициналық жұмысшының кәсіби қызметінің негізгі мақсаты – адам өмірін сақтау, аурудың алдын алу және денсаулықты қалыптастыру, және де жазылмайтын дерттен азап шегудің азаюы. Медициналық жұмысшы Гиппократ антына, адамгершілік негізін және қайырымдылықты басшылыққа алып өз міндеттерін атқарады.
4. Медициналық жұмысшы, үнемі кәсіби жетілдіруге міндетті болатын ол өз шешімдері мен әрекеттеріне толық жауапкершілікті алып жүреді
5. Өз қызметінде медициналық жұмысшы оған белгілі және қолдануға рұқсат етілген медициналық ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалануға тиісті.
6. Материалдық, жеке пайда алу себептері медициналық жұмысшының кәсіби шешімін қабылдауға ықпал етуге тиісті емес.
7. Медициналық жұмысшы өндіруші-фирмалардан және дәрі-дәрмекті преапараттарды таратушылардан ұсынылған дәрілерді тағайындағанда олардан сыйақылар қабылдамағаны қажет.
8. Дәрі-дәрмекті тағайындау барысында медициналық жұмысшы медициналық көрсеткіштер мен науқастың айрықша мүддесін қатал басшылыққа алуы тиісті.
9. Медициналы жұмысшы медициналық көмекке зар болғанның жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саясаттық көзқарасына, азаматтығына және материалдық жағдайын қоса, өзге де медициналық емес факторларына қарамастан медициналық көмек көрсетуі тиісті.
10. Медициналық жұмысшы өзі жұмыс істейтін мекемедегі өзіне қатысты міндеттерді адал атқаруы тиісті.
11. Студенттер мен жас мамандарды оқытатын медициналық жұмысшы өзінің тәртібімен және өз міндеттерін атқарудағы қатынасымен еліктеуге лайықты үлгі болуы қажет.
12. Қол жетімді құралдармен (газет, журнал, радио, теледидар, сұхбат және т.б.) салауатты өмір сүруді насихаттауға, қоғамдық және кәсіби этикалық нормаларды сақтауда лайықты еліктеу үлгісі болуға міндетті.
13. Медициналық жұмысшы, егер де ол кәсіби тәуелсіздігімен үйлесімді, медициналық жұмысшының абыройын және пациенттерге және лның кәсіптік қызметіне зиян келтірмейтін болса, онда ол қандай да бір өзге қызметпен айналысуына болады.
14. Медициналық жұмысының жеке тәжірибесіне құқығы заңмен реттеледі.
15. Медициналық жұмысшы қызмет ететін мархабатты мақсаттары оның жеке басының абыройын заңды қорғауға талап ететін, жеткілікті материалдық қамтамасыздық, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жағдай жасауға негіз береді.
16. Наразылықтың ұйымдастырылған нысандарына қатысқан медициналық жұмысшы оның бақылауындағы пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетуді қамтамасыздандыру міндетінен босатылмайды.
17. Медициналық этиканы сақтауды бақылауды медициналық жұмысшының тікелей басшылары жүзеге асырады.

III. Медициналық жұмысшы және пациент

18. Медициналық жұмысшы пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауап береді. Өз жұмысында нормативтік құжаттарға әрекет ететін Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады, дегенмен, аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, осы күні бұрын берілген кеңес шеңберінде науқастың мүддесін басшылыққа ала отырып, әр нақты жағдайда аса тиімді болып байланыстыратын, ем және нақтама, алдын алу әдістерін таңдау. Қажетті жағдайда медициналық жұмысшы өзінің әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.
19. Медициналық жұмысшымен көрсетілетін көмек сапасы жоғарғы деңгейде көрсетілуіне барлық күшін салуға тиісті.
20. Медициналық жұмысшы пациентті дәлелденбеген тәуекелге душар етуге, әсіресе өз білімін мархаббатсыз мақсаттарда пайдалануға тиісті емес. Емдеудің қандай да бір әдісін таңдау барысында медициналық жұмысшы, бәрінен бұрын “Кесір тигізбеу” өсиетіне жетекшілік етуге тиіс.
21. Шұғыл көмек көрсету жағдайын санамағанда, науқастың жағдайын күшейтпейтін шара қолдануға міндетті кезінде, егер де пациент пен оның арасында қажетті өзара сенім болмаған жағдайда немесе емдеуді жүргізуде қажетті мүмкіндіктерге ие болмағанда медициналық жұмысшы науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Осы және осыған тәрізді жағдайларда медициналық жұмысшы тікелей жетекшісіне ақпараттандыруға барлық шараларды қолдануы және науқасқа құзыретті маманды ұсынуға тиісті.
22. Медициналық жұмысшы пациенттің емдеуші дәрігерді, мекемені және емдік-алдын алу шараларын өткізу туралы шешім қалдағанда қатысуын таңдауында пациент құқығын сыйлауға тиісті. Пациенттің емделуге өз еркімен келісімін медициналық жұмысшы науқаспен жеке сұхбаттасу барысында алады. Бұл келісім саналы түрде болуы тиіс, науқас емдеу әдістері, оларды қолданудағы салдары туралы, көбінесе, асқыну мүмкіндігі туралы, емдеудің басқа да балама әдістері туралы дереу хабардар болуы қажет. Пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіпті және оның жағдайды бағалауға қабілетінің жоқ жағдайда ғана пациенттің келісімісіз емдік-нақтамалық шараны жүргізіледі. Осыған ұқсас жағдайларды алқалылықпен қабылдаған дұрыс. Психикалық аурулармен азап шегуші тұлғаларды емдеу барысында, медициналық жұмысшы Қазақстан Республикасының көмек көрсетуде азаматтардың құқығын кепілдеу және психиатриялық көмек көрсету туралы заңнамасына жетекшеленеді. Баланы емдеу барысында, медициналық жұмысшы оның ата-анасына немесе асырап алғандарға толық ақпарат ұсынуға, сол немесе өзге емдеу әдісін немесе дәрі-дәрмекті құралдарды қолдануға олардың келісімін алуға міндетті.
23. Медициналық жұмысшы пациенттің абыройы мен намысын сыйлауға, оған тілектестікпен қарау, оның жеке өмірінің құқығын сыйлау, науқастың жағдайымен оның туыстары мен жақындарының уайымдарын түсінікпен қабылдауға тиіс, бірақ та пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне жеткіліксіз кәсіби себептерсін араласуға болмайды.
24. Медициналық жұмысшы өзінің философиялық, діни және саясаттық көзқарасын пациентке ығыр қылуға құқылы емемс. Дәрігердің жеке басынынң теріс ұғымдары және өзге де кәсіби емес себептері нақтама мен емдеуге әрекет көрсетпеуі тиісті.
25. Егер де пациент өз келісімін айтуға қабілетсіз болса, оны пациенттің заңды өкілі немесе тұрақты қамқоршы тұлға айтуы тиіс.
26. Пациент өз денсаулығы туралы толық ақпаратқа құқылы, бірақ та ол одан бас тартуы мүмкін немесе оның денсаулығы туралы хабарлап отыратын тұлғаны көрсетуі тиісті.
Ақпаратты пациенттен жасыру жағдайы, тек оған қатты зиян келтіру мүмкін деген жағдайда ғана. Дегенмен, пациенттің анық түрде талап етуі бойынша медициналық жұмысшы оған толық ақпаратты ұсынуға міндетті. Науқас үшін қолайсыз болжау жағдайында, оны сыпайлы және абайлап, оның өмірін ұзарту үмітін, жағымды аяқталу мүмкіндігін қалдырып ақпараттандыру қажет.
27. Пациенттің ниеті бойынша, медициналық жұмысшы өзге де медициналық жұмысшылармен кеңес алу құқығын жүзеге асыруда кедергі келтірмеуі тиіс.
28. Медициналық жұмысшы, пациентті басқа маманға тапсырып, келесі жағдайда:
– өзін қажетті құзыретті емес екендігін сезінсе, қажетті көмек түрін көрсету үшін қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие болмаса;
– медициналық көмектің осы түрі дәрігердің өнегелі қағидаттарына қарама қайшылы болғандықтан;
– дәрігер пациентпен терапиялық қызметтестік орнатуға жағдайы болмағанда пациентпен жұмыс жасаудан бас тартуы мүмкін.
29. Медициналық жұмысшының науқаспен сөйлесу барысында өз-өзіне жарнама жасауға болмайды.
30. Қате жіберу барысында немесе емдеу үдерісінде күтпеген асқынудың дамуында медициналық жұмысшы сол туралы науқасты, тікелей жетекшісін ақпараттандыруы қажет және зиян салдарын түзетуге бағытталған әрекеттерге дереу кірісуіқажет.
31. Медициналық жұмысшы дәрігер кәсіби міндеттерін, лақап атын және ресми иеленген лауазымын, дәрежесін, атағын пайдаланбай, тек қана өзінің тегімен жүзеге асыруы тиіс.

IV. Медициналық жұмысшылардың алқалылығы

32. Медициналық жұмысшы, оны кәсіптілікке үйреткенге ризашылық сезімі мен сыйластығын өмір бойы сақтауға міндетті.
33. Медициналық жұмысшы медициналық қоғамдастықтың игі дәстүрін және намысын қорғауға міндетті. Медициналық жұмысшылар бір-біріне сыйластық және тілектестік қарым-қатынаста болуы қажет.
34. Медициналық жұмысшы басқа медициналық жұмысшының кәсіптік біліктілігін көпшілік алдында күмән тудыртуға немесе өзге де әрекетпен оның беделін түсіруге құқысы жоқ.
35.Қиын клиникалық жағдайларда тәжірибелі медициналық жұмысшылар тәжірибесі шамалы әріптестеріне кеңестер мен көмек көрсетуді әдептілік нысанда беруі тиісті. Дегенмен, емдеу үдерісінде, әріптестерінің нұсқауларын қабылдауға немесе одан бас тартуға құқылы, сонымен қатар науқастың мүддесімен жетекшілік ететін, тек қана емдеуші дәрігер ғана толық жауап береді.
36. Дәрігерлер – денсаулық сақтау мекемесінің жетекшілері өздеріне бағынатын медициналық жұмысшылардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлату жайлы қамдарын ойлауға міндетті.
37. Медициналық жұмысшылар мекеменің басқа да медициналық және көмекші персоналдарына сыйластықпен қатынасуға, үнемі оның кәсіби біліктілігін жоғарлату жайлы қамын ойлауға міндетті.

V. Дәрігерлік құпия

38. Әр пациент жеке құпиясын сақтауға құқылы, және дәрігер, көрсетілген медициналық көмекке қатысқан басқа тұлғалар сияқты бірдей және де пациенттің өлімінен кейін де, медициналық көмекке жүгінген фактінің өзі де егер де науқас өзгеше реттемеген жағдайда дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
39. Науқасты емдеу және үндеу барысында алынған барлық мәліметтерге жарияланатын құпия (диагноз, емдеу әдістері, болжам және т.б.).
40. Пациент жайлы медициналық ақпарат:
– пациенттің өзінің анық көрсетілген жазбаша келісімі бойынша;
– тергеу, жауап алу, прокуратура және сот органдарының талаптарымен себептелген бойынша;
– егер де сақталған құпиялар пациенттің және/немесе өзге де тұлғалардың(қауіпті жұқпалы аурулар) өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда;
– емдеуге басқа мамандарды тартуда осы ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылатын жағдайда ашылуы ықтимал.
41. Дәрігер, науқастың емделуінде қатысқан тұлғалардың кәсіптік құпияны сақтауларын қадағалайды.
42. Медициналық ақпараттарға қол жетімді құқығын пайдаланатын тұлғалар пациент туралы алған барлық мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.
43. Ғылыми зерттеу үдерісінде студенттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіруде дәрігерлік құпия сақталуы қажет. Оның келісімі мен ғана науқасты көрсетугеболады.

VI. Этикалық кожекстің әрекет шегі, оны қарастыру тәртібі және оның бұзылуына жауапкершілік.

44. Дәрігердің алғашқы төрешісі- өзінің ары. Екіншісі – өзінің қаулысы және өзге де құжаттарына сәйкес бұзушыға жазалау салуға құқылы дәрігерлік бірлестік тарапынан болатын медициналық қоғамдастық.
45. Егер де этикалық нормалардың бұзылуы бірге Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасының ережесін қозғаса, онда медициналық жұмысшы жауапкершілікке заң бойынша тартылады.
46.Жұмысшының тәртібі ұжымда көпшілік алдында талқылану мүмкіндігін ол түсіну қажет.

VI. Этикалық Кодексті қарастыру және түсіндіру.

47. Этикалық Кодексті қарастыру және оның ережесін түсіндіру құқығы «№4 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК Этикалық Комиссиясына жатады.
48. Кодексті қарастыру тәртібі «№4 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК Этикалық Комиссиясының шешімімен анықталады.
48. Нақты жағдайларда, Кодекстің сол немесе өзге де ережелері бір мағыналық емес түсіндіру жіберуі мүмкіндігі анықталуы ықтимал. Осыған тап болған комиссия этикалық комитетінің немесе конференция шешімімен өздерінің түсініһдірмелерін рәсімдейді. Этикалық Кодекске қосымша ретінде оны бекіткеннен кейін, түсіндірме заңды күшке енеді.