Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Халықаралық медициналық бикелер күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар» атты 2017 жылдың 6 сәуіріндегі №115 бұйрығын орындау мақсатында 2017 жылдың 19 сәуірінде №4 Қалалық клиникалық ауруханада «Үздік медициналық бике» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға аурухананың әр бөлімшесінен бір медициналық бикеден қатысты. Сайыстың шарттары екі кезеңнен тұрды:
1 кезең – Өзін-өзі таныстыру
2 кезең – Теориялық және тәжірбиелік білімін көрсету
Сайыстың шаттарына сәйкес жюри төрағасы мен мүшелері «Үздік медициналық бике» байқауының жеңімпаздарының есімдерін жариялады: 1 оырн- Мусаев Жан қосарланған жарақат бөлімшесі; 2 орын – Тлеужанова Ақерке анестезиология және реанимация бөлімшесі; 3 орын- Абиров Азамат қабылдау бөлімшесі.
Байқаудың жеңімпаздары сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.