№4 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.

Шараға Алматы қаласы бойынша Ұлттық денсаулық сақтау палатасы филиалының жетекшісі М.У. Қайдаров, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, м.ғ.д. Н.В. Леонтьева, профессор, м.ғ.д. А.К.Дүйсенова, «University Medical Center» КФ профессоры, м.ғ.д. К. С. Қалиасқарова т.б. басқа меймандар қатысты. Кешті ақын Аманкелді Сейітхан арнауымен ашқаннан кейін, клиника қызметкерлері мен үздік дәрігерлер марапатталды.

Бұл күні №4 қалалық клиникалық аурухананың 5 қызметкері Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарын иеленді. «Алтын қол» арнайы сыйлығы эндопротездеу бөлімінің меңгерушісі Әубәкіров Манарбек Ғазизұлына тапсырылды. Сондай-ақ, клиника бас дәрігері Манат Тұрарұлы Сейдумановқа Еуропалық Сократ Комитеті бизнес ассамблеясының «Үздік өңірлік мекеме” халықаралық сертификаты табысталды.(Оксфорд қ. Ұлыбритания). Ұлттық медициналық ассоциациясының ҚР «Алтын дәрігер» медалі бас дәрігер орынбасары Жүсіпова Роза Торғайқызына берілді.

Денсаулық сақтау мен медициналық ғылымды дамыту халықаралық Академиясының“Гиппократ медалі» эндопротездеу бөлімінің меңгерушісі Әубәкіров Манарбек Ғазизұлына тарту етілді.“Фармацевт кәсібіне адалдық”медалі дәріхана меңгерушісі Сопибек Нэйла Қажымұқанқызына табысталды.

Бұдан бөлек, клиниканың 76 жылдығына 76 қызметкер аурухананың арнайы медальдары және алғыс хаттарымен марапатталды. Соның ішінде бiр қызметкер Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.Сондай-ақ үздік бөлімдерге компьютерлер сыйланды. Марапаттау рәсімінен кейін эстарада әншісі Роман Майғазиев әннен шашу шашты. Артынша “Медицинадағы заманауи трендтер-мультитәртіптік әрекет” тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.