15 наурыз 2018 жылы ШЖҚ «№4 Қалалық клиникалық ауруханасы» МКК-ның кіші мәжіліс залында «Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын-алу» тақырыбында жиын өткізілді. Жиынды №4 ҚКА бас дәрігері М.Т.Сейдуманов ашып, жиналғандарға семинарға арнайы қатынасушы Алматы қалалық Дін істері басқармасының бас маманы Лескенов Айдос Әмзеұлы, «Мониторинг және талдау Орталығының» АДТ мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Кантарбаева Жанна Орынбасарқызы және Алматы қаласы Түрксіб аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері Темирова Күлпан Махмұтқызын таныстырды. Арнайы келген мамандар діни экстремистік топтардың пайда болуы, олардың тарапынан жасалып жатқан лаңкестік әрекеттері, қазіргі қоғамдағы сот шешімі арқылы лаңкестік ұйым ретінде танылған ұйымдар мен құрылымдар туралы мол мағлұмат берді.

Жиынға Түрксіб ауданы аумағында орналасқан медициналық мекемелердің жетекші мамандар мен №4 ҚКА-ның басшылық-жетекші құрамының 70 (жетпіс) қызметкерлері қатынасты.

Жиын барысында қызметкерлер Н.Бодауова, Д.Сарсекенова, Б.Капашевтар тарапынан «мектеп оқушыларының мектеп үлгісін бұзып, хиджап киінуіне тиым салу, салафизмді насихаттауға мемлекет тарапынан салынып жатқан тиымдық шаралар, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» секілді ұйымдардың түрлі әлеуметтік желілер арқылы іріткі салатын материалдар жариялауына қарсы күрес жүргізу мәселелері туралы» қойылған сауалдарына мамандар тарапынан тұщымды жауаптар беріліп, қызу талқыланды.

Жиынды Түрксіб АМБ бас дәрігері К.М.Темирова қорытындылап, ұйымдастырушылар мен қатынасушыларға алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *